БҚО-да Ассамблеясының кеңейтілген Кеңесі өтіп, ұйымның жетістіктері мен нәтижелері туралы сөз болды

Жарбол Кентұлы 15 апр. 2025 20:14 281

2025 жылғы 15 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген Кеңесі өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, этномәдени бірлестіктер басшылары, құрылымдық бөлімшелер мүшелері, БҚО әкімдігі Қоғамдық даму басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері қатысты.

Шара басында «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» аясында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы жетістіктері мен нәтижелері туралы сөз қозғалды.

Кеңес барысында этномәдени бірлестіктер мен құрылымдық бөлімшелердің төрағаларының тізімі бекітіліп, өңірлік құрам жаңартылды.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясына дайындық мәселелері талқыланды.

Кеңес соңында бірқатар белсенді ҚХА мүшелері «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

 

 


Рекомендовать
Последние новости