Боратқа жауап. Тоқаев Туды балконға ілуге рұқсат беруді ұсынды

Dalanews 27 окт. 2020 09:34 883

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар депутаттардың ұсынысын қолдады. Қолданыстағы заңнама Қазақстан туының қолданысын белгілі бір деңгейде шектейді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын", деп жазды Президент Твиттердегі парақшасында.

Қолданыстағы заңнамада туымызды пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ілуге тыйым салынған.

"Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет", деп жазды Тоқаев.

Рекомендовать
Последние новости