Болат Назарбаевтың сыбайластары: Қоспаевтың қылмыстық тобы елден қалай қашып кеткен?

Көркем Алдабергенова 12 июн. 2024 10:00 5861

Жамбыл облысының бас прокуроры Нұрғалым Әбдіров Елдос Қоспаевтың қылмыстық тобы елден қалайша заңсыз қашып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Нұрғалым Әбдіров Елдос Қоспаевтың қылмыстық тобы елден шекарадағы салғырттық салдарынан қашып кеткенін айтады. 

"Қордайдағы тәртіпсіздіктер кезінде мемлекеттік органдардың жұмысы дұрыс емес екені анықталды. Оның ішінде, мемлекеттік шекараның сенімсіз болуы да бар. Шекара қызметін бақылау біздің құзырымыздағы нәрсе емес. Бірақ біздің облысымыз шекарада тұрғандықтан шекара қауіпсіздігі мәселелері біздің бақылауымызсыз қалмайды. Бұл жұмысқа құқық қорғау органдары ғана емес, жергілікті атқарушы органдар да тартылады. 

(...)

Соңғы жылдары Қазақстанды Еуропаға өту үшін Оңтүстік Азия азаматтарының (Пәкістан, Непал, Бангладеш, Ауғанстан) транзиттік ел ретінде пайдалану жағдайлары жиілеп кетті. Қазір біз қылмыстық элементтерді қолдана алатын шекараның тар және әлсіз жерлерін алып тастаумен айналысамыз", - дейді Әбдіров Orda.kz-ке берген сұхбатында. 

Еске салайық, Елдос Қоспаевқа қатысты іс бойынша тергеу аяқталуға жақын. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді. 

Елемесовтің айтуынша, қазір 13 күдіктінің адвокаттары қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр.

"Мәселе мынада, заттай дәлелдерді есептемегенде ол жерде 508 том бар. Салмағы сегіз терабайт болатын видеолар мен аудиожазбалар бар. Жұмыс көлемі өте үлкен және 13 күдікті бар. Сонымен қатар, олардың әрқайсында адвокаттар бар, барлығы танысуы керек. Процесс қалай аяқталады, солай істі сотқа жібереміз", - деді Жеңіс Елемесов.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті былайғы ортада Болат Назарбаевтың сенімді өкілі саналып келген Елдос Қоспаев бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесін Солтүстік Кипрден Қазақстанға жеткізгенін мәлімдеген еді. Бұл операция былтыр 6 қыркүйекте жүзеге асырылды.

Бұл топқа ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі рейдерлік жасады, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деген күдікпен халықаралық іздеу жариялаған болатын.


Рекомендовать
Последние новости