Болашақта Тараз қалай түрленеді?

Dalanews 04 мар. 2019 13:11 1006

Жақында Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен Тараз қаласын дамыту жөнінде кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде шаһар шырайын арттыруға арналған жобалар сараланып, олардың орындалу барысы қаралды.

Жиында "Арбат", "Шаxристан-Көне-Тараз" мәдени кешені, Қазақ xандығының монументінің аумағын абаттандыру жұмыстарының жоспары қайта нақтыланып, өңір басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтар болсақ, "Арбаттың" эскиздік жобасындағы отырғызылатын (талдардың) жасыл белдеудің орналасу барысын қайта ұсыну, эскиздік жобасындағы "Арбатқа" кіре берісіндегі жобаланған минареттің ағаш қақпаның жазылуын түрік стилінде жазу және канал жағалауындағы нақты орналасатын көне жәдігерлерді анықтау, "Шахристан-Көне Тараз мәдени кешеніндегі" сағат стеласының және жарық шамдары мен орындықтардың эскиздік жобасын қайта пысықтап, тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ, "Шахристан-Көне Тараз мәдени кешені" аумағындағы 5 көпқабатты тұрғын үй мен кәсіпкерлік нысандарды мемлекет меншігіне қайтару үшін жүргізіліп жатқан бағалау жұмыстарына білікті мамандарды тарту, "Арбаттың" бойындағы жергілікті кәсіпкерлермен балаларға арналған және скейтборд алаңшаларға қатысты келіссөз жүргізу шаралары пысықталды. Ал, "Қазақ хандығына 550 жыл" монументі аумағынан Қазақ хандығына арналған "Мұражай" кешеніндегі салынатын жер телімін барынша қысқартып, мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті шараларды тиянақты атқару жүктелді.

Айта кетейік, Асқар Исабекұлы бұл жұмыстардың маңыздылығын алға тартып, берілген тапсырмалардың жедел әрі мұқият орындалу керектігін баса айтты. Бұдан соң өңір басшысы шаһардағы бірқатар нысандарға ат басын бұрып, жұмыстарымен танысты.

 


Рекомендовать
Последние новости