Bloomberg: Батыс санкциялардың механизмін құрып жатыр, оған Орта Азия елдері енуі мүмкін

Dalanews 05 мая 2023 11:52 838



Еуропалық одаққа мүше елдер екінші санкциялардың механизмін құрып жатыр. Онда Ресейге шектеулерден айналып өтуге көмектесіп жатқан елдерге санкция енгізбек. 





Бұл механизм құрылса, бірінші кезекте Орталық Азия елдері "қара тізімге" енбек. Осылай деп Bloomberg агенттігі дереккөзіне сүйеніп хабарлайды.

"Бұл инструменттің негізгі мақсаты үшінші елдер арқылы шектеулерден айналып өтіп отырған Ресейге тосқауыл қою. Егер бұл жұмыс істемесе, онда үшінші елдерге толық шектеу қойылады", - деп хабарлайды Bloomberg.

Агенттік хабарлағандай, 2022 жылы Ресейге қаншама санкция салынғанымен бұл елде импорттың өскені байқалған. Атап айтқанда шетел тауарлары Қазақстан, Біріккен Араб әмірлігі, Түркия, Қытай және басқа да елдер арқылы Ресейге жеткізіліп отырған.

Бұл мәселе 19-21 мамыр аралығында Жапонияда өтетін "Үлкен жетілік" саммитінде қаралмақ.

Агенттіктің жазуынша, егер жоба мақұлданса, жақын арада бұл санкциялар ең бірінші Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстанға әсер етуі мүмкін.

Былтыр Қазақстаннан Ресейге микрочиптер тасымалдау 300 есеге артқан.


Ресми мәлімет бойынша, Еуропа елдерінен Қазақстанға импорт 2 млрд долларға өсіп, 8 млрд долларға жеткен. Ал Қазақстаннан Ресейге тауар тасымалдау 25 пайызға өскен.

Биыл сәуір айында ЕО, Ұлыбритания және АҚШ өкілдері Қазақстанға барып, санкция салу мүмкіндігін ескерткен.

Қазақстан билігі Ресейге санкциядан айналып өтуге көмектесіп жатқанын бірнеше рет теріске шығарды.



Рекомендовать
Последние новости