Блогер Ерболат Жанабылов кінәсін мойындамады

Көркем Алдабергенова 05 сент. 2025 12:22

Блогер Ерболат Жанабылов кінәсін мойындамады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астанадағы әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта миллион жазылушысы бар блогер Ерболат Жанабыловтың ісі қаралып жатыр. Сотта Туризм және спорт министрлігінің Құмар ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің өкілдері сөз сөйледі.

"Бұл курстар тек формалды сипатқа ие, ешқандай практикалық құндылығы жоқ, ал олардың 30 мың теңгелік бағасы негізсіз қымбат", - деді олар сот отырысы барысында.

Еске салайық, Instagram-да ұтыс ойынын ұйымдастырған блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты дау сотқа жеткен болатын. 

Туризм және спорт министрлігінің лотерея және ойын бизнесін реттеу комитеті Жанабыловтар өткізген ұтыс ойындарына қатысты тексеріс бастаған.

Комитеттің мәліметінше, Ерболат Жанабыловтың парақшасында күн сайын ақша, көлік және өзге де бағалы сыйлықтар тігілген ұтыс ойындары өткізілген. Мұндай әрекеттер лотерея қызметін реттейтін заңнама талаптарына қайшы келуі мүмкін (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабы).

Комитет өкілдері Ерболат Жанабыловтың жұбайы Эльмира Төлегенованың да іс-әрекеттеріне тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты. Қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданбақ.


Рекомендовать
Последние новости