"Бізге қантөгіс керек емес". Шерзаттың әкесі халыққа шұғыл үндеу жасады

Көркем Алдабергенова 12 окт. 2024 12:50 4742

Талғардың Азат ауылында қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қазақ халқына үндеу жасап, жағдайға сабырмен қарауға шақырды. Ол билік органдарының оқиғаға байланысты жұмыс істеп жатқанын айтып, кінәлілердің әділ сот алдында жауап беретініне үміт артты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Қазақ еліне айтарым – бізге қантөгіс керек емес. Құзырлы органдар істі өз бақылауына алды, барлығы заң аясында шешіледі деп сенемін. Мен ешкімнен қорықпаймын, кім келсе де жауап бере аламын. Ең бастысы, тыныш жатқан елде дүрбелең тумаса екен. Әділетті Қазақстан құрамыз десек, бір қазақ екінші қазаққа қару кезенбеуі керек», – деді Нұрымов.

Айта кетейік, 12 қазанға қараған түні Талғар трагедиясында қаза тапқан Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Бұл туралы әлеуметтік желіде хабарлана бастады. 

Бұл дерекке Полиция департаменті жауап берді. 12 қазанға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылындағы үйлердің бірінде өрт болды.

Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынып жатыр, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатыр. 

Артынша Шерзат Болаттың отбасын полиция күзететіні белгілі болды. 

Бүгін, 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды.


Рекомендовать
Последние новости