Біз соттың әділ де таза өтуіне бар күшімізді саламыз - Нүкенованың ағасы

Dalanews 11 мар. 2024 18:34 2355

Жары Қуандық Бишімбаевтың қолынан көз жұмған Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов Астанадағы соттың басталуына орай журналистердің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Бұл олардың құқығы, мен түсінемін. Біз бұған (алқабилердің сотқа қатысуына) заңды түрде ықпал ете алмаймыз. Әрине, ақтау үкімдерінің үлкен пайызы алқабилер сотында орын алады. Бұл бізге ұнай қоймайды, алайда, соған қарамастан біз соттың әділ де таза өтуіне толық күш саламыз», – деді Қайрат Нүкенов сот ғимаратында.

Айта кетейік, алдын-ала сот тыңдауында журналистерді залға кіргізбей, бейнетрансляциямен бөлек бөлмеге жіберген.

«Бұл біздің ғана емес, барша қазақстандықтардың құқықтарын бұзу болып табылады. Бізде жаңа, әділ Қазақстан бола ма, жоқ па, соны әрбір қазақстандық түсінуі керек», – деді Нүкеновтер тарапы.

Бұған дейін Қуандық Бишімбаев кінәсін мойындамайтынын айтып, істі алқабилер соты қарауын талап еткен болатын.


Рекомендовать
Последние новости