Біз Бораттың еліміз бе?

Dalanews 03 сент. 2015 11:18 906

Боратты еске алғымыз жоқ, шынымызды айтсақ. Өзімен кетсін.
Біз одан құтылғымыз келгенмен, ол бізден айырылмай қойды, алайда.

«Қазақстан – Борат». «Борат – Қазақстан». Бұлар бір ұғымға айналып кеткен əлдеқашан. Мойындағымыз келмесе де, əзіргі əлем Қазақстанды Борат арқылы таныды жəне Борат арқылы біледі. 
Күледі. «Борат, Борат» дейді. 
Америка мен Ұлыбритания тұрғындары бізді Ауғанстанмен шатастырады екен, шын болса. Ол жаққа барып келгендер сүй дейді. Бізді білмейді, демек. Мүлде білмейді. Тіпті картадан көрсете алмайды. Жоқ, рас.
Бірақ, Боратты біледі. Біздің имиджді осы Борат қалыптастырып қойған, баяғыдан-ақ. Анығы осы. Ақиқаты да осы.
Азиада? ОБСЕ? Тағы не? Қазақстанның имиджін көтереді деген бірде-бір шара Бораттың шаңына ілесе алмады. Өкінішке орай.

x_e2338230

Бораттың түсірілгеніне 10 жыл болды ма, болмады ма? Мəселе онда емес. Мəселе: осы уақыттың ішінде біз Бораттағы Қазақстан мен шын өмірдегі Қазақстанның мүлде сəйкеспейтінін, сорпасы қосылмайтынын дəлелдей алмадық.
Қазақстанды білмейтіндерді сауатсыздығы үшін сөге алмайсың.
Білмейтіндер білетіндей, естімегендер еститіндей ештеңе атқармаппыз осы 25 жылда (біз солай ойлаймыз, сіз басқаша ойлауыңыз мүмкін).
Азиада? ОБСЕ? Тағы не? Қазақстанның имиджін көтереді деген бірде-бір шара Бораттың шаңына ілесе алмады. Өкінішке орай. 
Борат неге біздің қыр соңымыздан қалмай қойды? Біз одан қалай құтыламыз? 
Экспо? Сіз бұған сенесіз бе? Біз сенбейміз. Экспо басталмай жатып сəтсіздікке ұшырады. Басшысы жеді, қосшысы да солай. Əлі басталмаған көрменің имиджі бүлінді, осылай.  Бұл жаман ырым, негізі.
Көрменің жұмысына жауапты адамдар Назарбаевтың алдында бастаған істің берекесі кеткенін, былайша айтқанда түк бітірмегенін білдіріп қойды. Кімнің келетіні, кімнің қатысатыны белгісіз екен, əлі күнге дейін. 
Мұндай Экспо Қазақстанның атын қай жағынан танытуы мүмкін? 
Танытты: Эксподағы жемқорлық Қазақстанның «қаптесерлер мемлекеті» екенін тағы мәрте дəлелдеді.
Белгілісі, біздің ел Борат деген лақап аттан арылған күні əлем де басқа Қазақстанды танитын болады.  Ал əзір...
Ал əзір біз əлемнің аузына қақпақ қоя алмаймыз. 
Борат ше? «Ол тапсырыспен түсірілген дүние» дейді.

CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v62), quality = 91Борат ше? «Ол тапсырыспен түсірілген дүние» дейді. Шетел асқан қазақ оппозиционері қаржыландырыпты-мыс...». Сайқымазақ сценарийді де жазып шыққан соның өзі», –дейді ұзынқұлақ. Өшігіп жазған, қаралағысы емес, масқаралағысы келген. Кім білген. Солай болуы да мүмкін, біздіңше.
Бірақ бұл да маңызды емес, ендігі жерде.
Борат деген лақап аттан қалай арыламыз? Борат емесімізді қалай дəлелдейміз? 
Тапсырыс берген адам бар болса (көзі тірі болса) хаостағы Қазақстанның қазіргі күйін көріп-біліп, бақылап отыр. «Жемқорлар мемлекеті». «Əлемдегі ең дарақы ел», «Шалақазақстан», Келімбетов...
Тапсырыс берген адам шынымен де бар болса ол бұл мүмкіндікті құр жібермейді. «Борат – 2» алғашқысынан да сорақы шығуы мүмкін.

Думан БЫҚАЙ

Рекомендовать
Последние новости