Бітімгерлік миссиясына барған сарбаз қанша жалақы алады? 

Dalanews 19 янв. 2024 05:20 1202

Қазақстанның атынан Таяу Шығыс елдеріне баратын бітімгер-сарбаздарға айына 1 мың доллардан төленетіні белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап берді. Ол Қазақстанның бітімгерлік әскерін жіберуі мемлекеттің әлемдік аренадағы беделін арттыратынын атап өтті.

Оның сөзіне қарағанда, үш аймаққа бір жылға толық оқудан өткен кәсіби әскери қызметшілер жіберіледі.

– Бітімгерлерді моральдық және іскерлік қасиеттері, денсаулық жағдайы, тәртібі, жеке дайындық деңгейі, тілді және заңнаманы білуі деңгейіне қарай таңдаймыз. Оның құрамында бітімгершілік, барлау, инженерлік-саперлік, техникалық және медициналық бөлімшелер болады, - деп түсіндірді Қорғаныс министрі.


Қазақстан бюджетінен тыс әр әскериге айына 1 мың доллардан төленеді. Тек сол елдерге жеткізу үшін Қазақстан бюджеттен 8 млн доллар бөлмек.

Рекомендовать
Последние новости