Бүгін бірнеше облыста қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады.
"Жүргізушілерден жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райын ескеруді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", - деді "ҚазАвтоЖол" қызметкерлері.
