Бір жылда 10277 адам жұмыспен қамтылды

Dalanews 20 дек. 2018 10:29 1018

Жетісай ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша 2018 жылға 10142 адамды кешенді жоспарға сәйкес жұмыспен қамту жоспарланса, ағымдағы жылдың 11 айдағы  қамтылғандар саны 10277 адамды құрап, жылдық қамту жоспары  101 пайызға  орындалды.

Ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі жұмысқа жарамды 190 адамға әлеуметтік қолдау көрсетілді. Оның ішінде 25-сі әлеуметтік жұмыс орындарына, 12-і жастар практикасына,17-і қоғамдық жұмыстарға, 33-і қысқа мерзімді кәсіптік оқуға, 3-і кәсіпкерлік негіздеріне оқуға, 100-і деректер қорындағы бос жұмыс орндарымен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ашылған жаңа жұмыс орындарына жолданды, – деп аудан әкімі Жамантай Қанайұлы журналистермен жүздесуде мәлім етті.

Қазіргі таңда 1065-і оқуын аяқтап, оның ішінде 783-і тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздерге оқытуға 355 адам, шағын несиелеуге 42 адам жоспарланған. Ал қазіргі таңға 139 адам бизнес бастау арқылы кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу курстарын аяқтады, 39 адам шығын несие алды.

Жастар практикасы бойынша жоспар 800 адам. Бекітілген жоспарға сәйкес 203 жұмыс беруші мекемелермен келісім шартқа тұрып, 821 адам жастар практикасына жолданған, оның ішінде 548 адам жұмыстарын аяқтаған, 44 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

Рекомендовать
Последние новости