«Бір жыл ішімдік ішпедім»: Астанада мас жүргізуші жол апатына түсті

Асель Қайратқызы 30 окт. 2025 14:35

Астанада мас күйінде көлік айдап, жол апатына себепкер болған жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды. Тексеру кезінде ер адам “бір жыл ішімдік ішпедім” деп мәлімдеді деп хабарлайды Dalanews.kz. қалалық полицияға сілтеме жасап.

Астана полиция департаментінің хабарлауынша, түнде құқық қорғау органдарына елорданың бір көшесінде екі көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы туралы хабар түскен.

«Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері анықтағандай, көліктердің бірінің жүргізушісі мас күйінде болып, бағдаршамның қызыл жарығына қарамастан қашықтықты сақтамай,  алда келе жатқан автокөлікпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан көліктерге механикалық зақым келген», – деп хабарлады департаментте.

Айта кетсек, медициналық сараптама жүргізушінің алкоголь қолданғанын растады. Полиция жариялаған бейнежазбадағы кадрларда ер адам тексеру кезінде «бір жыл бойы ішімдік ішпедім» деп айтқан.

«Сот шешімімен құқық бұзушы 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Құқық бұзушының көлігі коммуналдық тұраққа эвакуацияланды», – деп атап өтті полиция өкілдері.


Рекомендовать
Последние новости