Берік Уәли Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлеріне алғыс айтты

Dalanews 15 апр. 2025 10:34 312

Абай облысы әкімі Берік Уәли өңір тұрғынының өмірін сақтап қалған Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының ұжымына олардың кәсіби шеберлігі мен жанкешті еңбегі үшін ризашылығын білдірді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүктіліктің 28-аптасында болған облыс тұрғыны геморрагиялық шок диагнозымен аса ауыр жағдайда аталған ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер шұғыл ота жасап, науқасқа дер кезінде бүйрек қызметін көрсететін аппаратты («жасанды бүйрек») қосқан.

Медицина қызметкерлерінің үйлесімді және білікті әрекетінің арқасында пациенттің жағдайы қалыпқа келтірілген. Қазір ол жансақтау бөлімінен тиісті мамандандырылған бөлімшеге ауыстырылды.

Аймақ басшысы дәрігерлердің кәсіби бірлігі мен заманауи технологиялардың арқасында пациенттің өмірін сақтап қалу мүмкін болғанын атап өтті.

– Ана мен баланың өмірін сақтау – мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі. Мұны Президентіміз үнемі айтып келеді. Біз үшін әрбір ана мен сәбидің өмірі қымбат. Өзімнің және Абай облысы тұрғындарының атынан Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының ұжымына алғысымды айтамын, – деді  облыс әкімі.


Рекомендовать
Последние новости