Берденовке тағы бір ота жасалады

Сағыныш Сардарова 12 авг. 2025 13:44

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке тағы бір ота жасалады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл туралы оның өкілі Жеңіс Тыныбек мәлімдеді.

Оның айтуына қарағанда, қазір Руслан Берденов Алматыдағы клиникалардың бірінде емделіп жатыр. Жеңіс Тыныбектің сөзінше, Берденовке екінші отаны 13 тамызда жасау жоспарланып отыр.

"Берденовке ертең ота жасалады. Ота барысында оның денесінде қалған мылтық бытырасы алынады", - деді Тыныбек Tengrinews.kz-ке.

Бұған дейінгі жағдай

Еске салайық, бұған дейін Руслан Берденов сотқа келуге міндеттелгені хабарланды. Сот отырысында судья Әбінұр Қарабаев Руслан Берденовті 6 тамызға жоспарланған негізгі сот процесіне міндетті түрде қатысуға шақырды.

Себебі Руслан Берденов алдын ала тыңдауға өзі келмеген еді. Оның өкілі Руслан Берденов ем қабылдап жатқанын мәлімдеді.

Әкімдік маңындағы атыс туралы

21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды. Артынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл іс бойынша басты күдікті - Ернар Жиембай. Ашық форматта өткен алдын ала тыңдау кезінде судья Жиембайдың сот процесі барысында өзін түсіруге қарсы екенін жеткізді.

 

Рекомендовать
Последние новости