Бектеновтің кандидатурасы қолдау тапты

Сағыныш Сардарова 06 февр. 2024 15:14 1833

Мәжіліс депутаттары ҚР премьер-министрі лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын қолдады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Талқылау барысында Мәжілістегі фракция төрағалары AMANAT партиясы ұсынған кандидатураға дауыс берді.

Кеше Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберген еді. Ал бүгін AMANAT партиясы премьер-министрлікке кандидат ұсынды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесуінде Конституцияның 44-бабына сәйкес премьер-министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты.

Талқылауға "Amanat" партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, "Ақ жол" партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов, "Ауыл" партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев, "Respublica" партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров қатысты.


Рекомендовать
Последние новости