Бекшин Алматыда тұмау мен коронавирус қабаттасып, қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты

Dalanews 15 сент. 2020 03:21 803

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық қызметінің болжамынша, ЖРВИ мен тұмау осы жылдың қараша айының соңынан бастап 2021 жылдың бірінші тоқсанына дейін өршуі мүмкін екенін алға тартты.

Сонымен қатар ол алдағы эпидемиологиялық маусымның ерекшелігі – коронавирустың қабаттасу қаупі зор екенін де жасырған жоқ.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, ауыр жағдайдағы науқастарды ауруханаға жатқызу үшін қосымша 485 төсек қарастырылған.

– Қаланың медициналық ұйымдарында, дәріханаларында бір реттік маскалар, вирусқа қарсы препараттар, дезинфекциялық құралдар жеткілікті. Қорларды қалыптастыру жұмыстары жалғасып жатыр, – деді Бекшин.

Өткен аптада қала бойынша ЖРВИ ауруына қатысты 1 219 жағдай тіркелген. Әзірше 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші– 62-ні құрап отыр. Бұл алдыңғы аптадағы көрсеткіштен 25% төмен және өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық 21% пайызға жоғары. Қазіргі уақытта тұмау жағдайлары тіркелген жоқ.

Рекомендовать
Последние новости