Бәйдібек ауданы: құс шаруашылығын дамытуға 13 млрд теңге инвестиция тартылған

Dalanews 18 дек. 2018 08:08 1455

Араб инвесторы Шейх Халифа Бен Зайд Аль-Нахайянның қолдауымен құрылған құс тұқымбағынан табиғатқа жылына 600-ден астам дуадақ ұшырылуда. 

2016-2018 жылдары жобаның үшінші кезеңін жүзеге асыру мақсатында 13 млрд. теңге шетел инвеститциясы тартылған. Егер үшінші кезең еңсерілсе, жылына 15 мыңға жуық дуадақ ұшырылу жоспарланып отыр.  Сондай-ақ, жұмысшылар санын 400-ге жеткізу көзделуде. 

Иә, солай ауданда Араб инвесторы Шейх Халифаның құс өсіру орталығы күн санап дамып келеді. 895 гектар жерді алып отырған кәсіпорын 3,5 млрд теңге шетел инвестициясын тартып, дуадақ құсы түрінің басын бүгінгі таңда 4 мыңға жеткізген.

Ілгеріде айтып кеткеніміздей жылына бюджетке 700 млн теңге салық төлейтін инвесторлар жобаның үшінші кезеңін іске асырып, жұмысшылар санын 400-ге арттыруды жоспарлауда.


Сондай-ақ шетелдік кәсіпорын аудандағы 5 әлеуметтік нысанның құрылысын өз қаражатына жүргізуге ниет етіп отыр. Аталған кәсіпорынға арнайы барған облыс әкімі мұндағы арқарылған жұмыстарға да оң бағасын берді.

Айта кетейік, мұндай тұқымбақтар әлемнің үш елінде яғни  Морокко, Бірікке Араб Әмірлігі мен Қазақстанда ғана бар.


Араб тарабы Қазақстан алдындағы өз міндетін орындау үшін 2010-2017 жылдар аралығында Қазақстанның табиғатына бас-аяғы  2 мыңға жуық  дуадақ ұшырған.

Рекомендовать
Последние новости