Байбектің заңгері: «Мамайдың сотқа ұсынған дәлелі жай ғана «макулатура»

Dalanews 14 июн. 2021 10:07 902

Байбектің заңгері Мамайдың сотқа ешқандай қатысы жоқ «дәлелдемелері» туралы айтты. Оның пайымынша Жанболат Мамайдың сотқа дәлел ретінде ұсынған 2 мың бетке жуық жауабы ешқандай дәлел емес, жай ғана макулатура. Бауыржан Байбектің заңгері Айжан Тәшенова Әуезов аудандық №2 сотында өтіп жатқан азаматтық-процессуалдық процесте осылай деді.

Оның айтуынша, белсендінің дәлел деп әкелген құжаттар әлеуметтік желідегі жазбалар мен мақалалардан, анонимді ресурстарға сілтемелерден тұрады.

2 мың бетке жуық құжаттардың 1268 беті ҚазҰУ-дың жеріне байланысты екен. Ал, оның видеоматериалда көтерген жер телімі одан 1,5 шақырым қашықта орналасқан «Essentay City» тұрғын үй кешені орналасқан жер.

«Жауаптағы 7 тармақтың үшеуі бойынша мүлдем ақпарат жоқ, яғни дәлелі жоқ екенін өздері де мойындап отыр. Ал, қалғаны жай ғана макулатура» деді А.Тәшенова.

Оның сөзінше, ерлі-зайыпты екеу ешқандай дәлелі болмаса да Бауыржан Байбекті Алматы әкімі кезінде жемқорлықпен айналысқан, заңсыз түрде миллиард долларға байыған және өзінің бизнес-империясын құрған деп айыптаған.

Рекомендовать
Последние новости