Баян Есентаева жұмысқа кірісуге әзір екендігін айтты

Dalanews 28 авг. 2016 16:13 885

Танымал продюсер Баян Есентаева спортпен шұғылданып, денсаулығын қалпына келтіруде. Ол Шымбұлақта алты километрді жаяу бағындырды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Францияда емделіп, жуырда елге оралған Баян Мақсатқызының денсаулығы жақсарып келеді. Оның тағы бір дәлелі – продюсердің бүгін жариялаған жаңа суреті.

«Алты километрді еңсердім. Жарайсың, Баян Мақсатқызы», – деп жазды Есентаева өзінің инстаграмдағы парақшасында.

Сүйікті продюсерлерінің әр жарияланымын тағатсыздана күтетін оқырмандары бұл жолы Баян Мақсатқызына үшін өзара ұрысты.

Желі қолданушылары белгісіз біреудің пікіріне қарсы тұрып, дауласты. Түсініксіз есіммен тіркелген қолданушы Есентаеваны сынады.

https://www.instagram.com/p/BJm_1w4AQCy/?taken-by=bayanyessentayeva_

«Сурет жариялаудан ұялмайды екен! Оның орнында болсам мынадай масқаралықтан кейін бір жылға дейін ешкімнің көзіне көрінбес едім. Күйеуі ұрып-соқты, ал ол мұнда сұлулығын паш етуде. Ештеңе болмағандай кейіп танытуыңыз сұмдық емес пе? Ұяттан жұрдай екенсіз. Масқара!» – деп пікір білдірген ол.

«Тек қана алға! Адам бүгінгі күнмен өмір сүруі керек», «Ондай жағдайға ұшыраса төрт қабырғаға қамалып отыруы керек пе?», «Біле білсеңіз, Кеңестік кезеңде әрбір екінші күйеу әйелін ұрып-соққан. Ұятты істі күйеуі жасады, Баян ұялатындай ештеңе жасаған жоқ», «Ол бар болғаны өз өмірін қалыпқа келтіруге тырысып жатыр», «Ұрлық жасаған жоқ, адам өлтірген жоқ, сіз өз ісіңізбен айналысыңыз», – деп желі қолданушылары Есентаеваны белгісіз жаннан қорғады.

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.

Қазір Бақытбек Есентаев тергеу изоляторында. Оның әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталып кеткен. Оған “Өлтіруге әрекеттенді” деген қылмыстық кодекстің бабы негізінде айып тағылуда. 3 тамыз күні Баян Есентаеваның күйеуінің қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылған еді.

https://www.instagram.com/p/BJpq-spgeSv/?taken-by=bayanyessentayeva_

 

Рекомендовать
Последние новости