Батыс елдері Қазақстанға Ресейді айналып өтетін темір жол құрылысына несие берді

Dalanews 26 июл. 2022 04:30 1039



Еуропа даму және қайта құру банкі "Қазақстан Темір жолы" ұлттық компаниясына "Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасу жолдарын жетілдіруге" 50 миллиард теңге инвестиция салады.





Банктің мәлімдеуінше, инвестиция Қазақстанға дағдарысқа қарсы бірқатар шара қабылдауға, жүк транзиті операцияларын қайта ұйымдастыруға, пандемия салдарын жоюға және геосаяси өзгерістерге бейімделуге көмектеседі.

Бұл - ЕДҚБ-нің Қазақстан ұлттық валютасындағы облигациялар түріндегі алғашқы инвестициясы.

Мәліметтерге қарағанда, ҚТЖ жаңа капиталды Транскаспий халықарадық көлік жолындағы маңызды инфрақұрылымдарды жетілдіруге жұмсауы тиіс. Ресейді айналып өтетін бұл жол Еуропа мен Азия арасын жалғайды.

Бұған дейін Қытай мен Еуропа одағы арасындағы жүктің 95 пайызы Солтүстік дәліз арқылы өтіп келген. Ол Қазақстан, Ресей және Беларусь арқылы өтеді.

Енді Еуропа Ортаңғы дәліз арқылы жүк тасуға мүдделі болып отыр. Ол Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы өтеді.


"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы 16 мың шақырымға созылған темір жол желісіне иелік етеді және оны басқарады.





Рекомендовать
Последние новости