Баталов Өзбекстан елшісімен кездесті

Dalanews 11 нояб. 2020 02:51 894

Алматы облысы әкімі Амандық Баталов Өзбекстанның Төтенше және өкілетті елшісін қабылдап, алдағы жоспарларымен бөлісіп, жобаларын таныстырып, бірлесіп жұмыс істеуге ұсыныс білдірді.

Кездесуде Амандық Ғаббасұлы әуелі жер жаннаты Жетісу жерінің жетістіктерін таныстырды.

Осыдан кейін сөз алған Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаев:

– Біз бауырлас ел болғандықтан қай саланы алып қарасақ та, бір-бірімізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Алдағы мақсатымыз – Жетісу жеріне көтерме-бөлшек сауда орталықтарын ашу. Бұл жақта ауылшаруашылығы жақсы дамыған. Десе де, біз ерте пісетін жеміс-жидектерді әкелсек, – деп ойын жеткізді.


Өзбек елшісінің айтуынша, инвесторлар құрылыс, сауда сынды маусымдық жұмыстарға білікті мамандар жіберіп, көмектесуге дайын. Ең бастысы, Жетісуға келетін мамандар қазақтың тарихы мен тілін оқып, біліп келетінін айтты.

Бұл мәселе бойынша облыс әкімі арзан бағада жеміс-жидек алу, білікті құрылысшыларды тарту жетісулықтарға да тиімді екенін сөз етті. Сондай-ақ, облысымызды дамытуға атсалысатынын, тарихи, көрікті жерлерімізді түрлендіретін инвесторларға қолдау білдіретінін айтты.

Рекомендовать
Последние новости