Бас прокуратура: Заңсыз митингке қатысқан 957 адам жазаға тартылды

Dalanews 13 июн. 2019 07:08 852

Бүгінде арнайы қабылдау мекемелерінде 180 адам қамауда жазасын өтеуде.

 Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері елдегі құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы айтып берді, деп хабарлайды Dalanews.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз сөзінде Бас прокуратураның Қызмет бастығы Сапарбек Нұрпейісов прокуратураның бірнеше рет жасаған ескертуіне қарамастан, жекелеген адамдар арандатушыларға еріп, митингілерге шығып, тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған. Нәтижесінде, үш полиция қызметкері зақымданды. Бұл ретте осы әрекеттерге жауап ретінде полиция қызметкерлері азаматтарға арнайы құралдар қолданбаған.

Спикер азаматтардың тыныштығын қорғау үшін өрескел заң бұзғандарды полиция бөлімдеріне жеткізгендігін атап өтті.
- Заңсыз акцияға қатысқаны, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 957 адамды сот әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде қамауға алынғаны - 670, айыппұлға – 115 және 172 адамға ескерту жасалды. 12 маусым күні Мемлекет басшысы Бас Прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету бойынша дереу шаралар қабылдауды тапсырғанын еске саламыз, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

"Ұсталған тұлғалардың нақты саны мен олардың кінәларының деңгейін анықтау қажет. Наразылық орнында кездейсоқ болған кінәсіз азаматтар мен тұлғаларды босату керек",- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған байланысты қадағалау өкілеттігі аясында прокурорлар 311 адамға қатысты сотқа қамау мерзімін төмендету туралы апелляциялық өтінішхат жіберді және ол қанағаттандырылды.

Бүгінде арнайы қабылдау мекемелерінде 180 адам қамауда жазасын өтеуде.

Рекомендовать
Последние новости