Бас прокуратура Жақсылықовтың "ұсталуына" қатысты пікір білдірді

Көркем Алдабергенова 11 июн. 2025 10:01

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев экс-министр Руслан Жақсылықовтың "ұсталуына" қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Кеше Жақсылықовтың өзі пікір білдірді емес пе? Бізде қандай да бір іс немесе басқа да шаралар жүргізілгені туралы ешқандай мәлімет жоқ. Ондай мәліметтер қолымда жоқ", - деді ол.

Күні кеше Қорғаныс министрлігін басқарған Руслан Жақсылықов ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды және жалған хабар таратқандарды сотқа бермек. 

Бұған дейін бірқатар БАҚ-та экс-министр Руслан Жақсылықов қамауға алынғаны туралы ақпарат тараған болатын. 

Ең әуелі Ұлысмедиа және Elmedia порталдары өз дереккөздеріне сүйеніп, Руслан Жақсылықов қамауға алынғанын хабарлады. 

Алайда ресми органдар бұл ақпаратты ресми растамады. 

Кейін Жақсылықовтың қамауда емес, өз үйінде отырғаны анықталды. 

Tengrinews.kz тілшісімен телефон арқылы сөйлескен ол қазір Астанадағы үйінде екенін және отбасы мүшелерімен бірге түскі ас ішуге дайындалып жатқанын айтты.

"Бұл шындыққа жанаспайды", – деп атап өтті Жақсылықов.

Сонымен қатар, ол жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін жеткізді.


Рекомендовать
Последние новости