Астанада Абылай хан даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Ақтоты Жапатова 09 июн. 2025 14:39

Астанада Абылай хан даңғылының Манас көшесінен Майлин көшесіне дейінгі аралығында жол жабынының жоғарғы қабатын салу жұмысы жүріп жатыр,- деп хабарлайды Dalanews.kz 

"Абылай хан даңғылы/Майлин көшесі қиылысы толығымен жабылатын болады. Осыған байланысты 9-10 маусымда көлік қозғалысы толығымен жабылады", - делінген хабарламада.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.


Рекомендовать
Последние новости