Орал қаласындағы Тәуелсіздік монументі жанында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған «Алтайдан Оралға дейін» республикалық велошеруінің жабылу рәсімі өтті,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің өкілі Азамат Оразов, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының спорт және білім басқармаларының басшылары Бақдәулет Сәбитов пен Елдос Сафуллин қатысты.
Велошеруді мемлекеттік органдардың өкілдері, студенттер, қала тұрғындары мен велоспорт жанкүйерлері де қолдап, қатысушыларға қошемет көрсетті.
Азамат Оразов республикалық велошерудің жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау және өскелең ұрпақтың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру бағытында маңызды бастама екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланған болатын. «Алтайдан Оралға дейін» велошеруі еңбекке деген құрметтің жарқын үлгісіне айналып, жұмысшы мамандықтарының оң имиджін қалыптастыруға үлес қосты. Мұндай бастамалар техникалық және өндірістік салаларға жастардың қызығушылығын арттырып, елдің тұрақты дамуына әсер етеді.