Барлық уақытта тек кәсіби журналистиканы қолдайтын боламын – Балаева

Dalanews 01 мар. 2021 05:03 910

Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ және болмайды да. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева  inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

Сұхбат барысында сайт тілшісі Аида Балаевадан бүгінде қоғамда орын алып жатқан процестерге Ақпарат министрлігінің ықпал ету деңгейін сұраған болатын.

«Бұл жерде ешқандай бағалаудың қажеті жоқ. Бәрі айқын. Ақпарат рөлі жыл сайын, күн сайын, секунд сайын артып отырады. Біз шындығында да ақпарат пен технологиялар заманында өмір сүреміз. Сондықтан біз бірдеңеге иелік етеміз деп айту қиын. Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ және болмайды да. Сол себепті министрлік басқарады немесе билік етеді деп айтады», - деп жауап берді министр.

Сонымен қатар ол Ақпарат министрлігі өкілетті орган ретінде мемлекеттік ақпарат саясатын үйлестіріп, жүзеге асыратындығын атап өтеді.

«Ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді деу дұрыс болады. Жаңа технологиялар жағдайында, жаңа коммуникациялар пайда болған кезде ақпаратқа мемлекеттік монополия бар деуге келмейді. Ол болмайды да. Бүгінде біз тіпті қарапайым блогердің өзі ақпарат тасымалдаушы саналатындығын және қоғамдық пікір қалыптастыратындығын көріп отырмыз. Бірақ, министр ретінде мен барлық уақытта тек кәсіби журналистиканы қолдайтын боламын. Өйткені, кәсіби журналист ақпарат үшін жауапкершілік арқалайды», - деді Аида Балаева.

Abai.kz

Рекомендовать
Последние новости