Бақытжан Сағынтаев: «Алматы инвестициялық тартымдылығы жағынан топ бастап келеді»

Dalanews 09 июл. 2021 13:35 947

Алматыға инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Кеңестің отырысындағы құттықтау сөзінде Бақытжан Сағынтаев қаланың инвестиция, денсаулық сақтау, туризм саласындағы серіктестермен байланысты нығайтуға шақырды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мегаполистің инвестициялық тартымдылығын атап өткен Бақытжан Сағынтаев Бүкіләлемдік Банктің субұлттық рейтингінде Алматының бизнесті жүргізу бойынша Қазақстанның барлық өңірлері арасында бірінші орында тұрғанын хабарлады.

Ағымдағы жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы бойынша Алматыда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 126,5%-ға өсті және 460,7 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ, өткен жылдың күзінде Fitch агенттігі Алматы қаласының BBB деңгейіндегі несиелік рейтингін бекітті және инвестициялар тарту мәселелерінде оператор болып табылатын «Алматы «ӘКК» АҚ-на ВВВ деңгейінде несиелік рейтинг берілді, бұл инвестициялар үшін тәуекелдің төмен деңгейін көрсетеді.

ЕҚДБ-ның Қазақстандағы басшысы Агрис Прейманис Кеңестің ерекше рөл атқаратынын және бірқатар өзекті мәселелерді, оның ішінде шетелдік инвесторларды салықтық және кедендік әкімгерлеу, виза беру және кіруге рұқсат ету процедураларын, тиісті инфрақұрылымды құру, жасыл экономика қағидаттарын енгізу және цифрландыру деңгейін арттыруға қатысты істерді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Еске салсақ, жыл басында инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында Алматы әкімінің өкімімен Кеңестің қызметі қайта қолға жанданды және қатысушылар құрамы жаңарды, оған шетелдік қауымдастықтардың, сауда палаталары мен қаржы ұйымдарының өкілдері енді. Кеңестің басты міндеті инвестициялық ахуал мен инвестициялық стратегияны жақсарту бойынша ұсынымдарды және ұсыныстарды өңдеу, шетелдік инвесторлардың өзекті мәселелерін шешу болып табылады.

Рекомендовать
Последние новости