Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек сөз сөйлеп, жаңа Салық кодексі мен бюджеттік жоспарлаудағы әділдік мәселесін көтерді. Депутат қысып сөйлеймін деп мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтан сөз естіп қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Президент екі жыл бұрын салық әділ болуы керегін айтты. Қазір біз төлеп отырған салық әділ ме? Бірақ жаңа салық кодексі заңды күшіне енгеннен кейін төленетін салықтар әділ бола ма? Мен бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Қазір мұнайдың бағасы 60 доллардан төмендеп кетті. Ал біздің қаржы министрлігіміз бюджетті есептегенде 75 доллар деп көрсетіп қойған. Сонда қаншама дефицитті кім арқалайды?
Қазақта “кімнің қайда тышып кеткенін наурыз көрсетеді” деген сөз бар. Қазанда үкімет бюджеттің игерілуіне байланысты есеп береді. Сол жерде кімнің қайда тышып кеткені, кімге қандай жеңілдік бергені, сол жеңілдіктің арқасында бюджетке қанша теңге түспей қалғаны, ұлттық қордан қанша алатынымыз сонда ғана анықталады. Сондықтан заңгер ретінде үкіметпен тығыз жұмыс істеуге дайынмын, дейді Бақытжан Базарбек.
Ерлан Қошановқа Базарбектің бұл қылығы ұнамады.
"Сөйлегенде мәдениетті сақтайық. Бұл ресми жиын. Парламент қабырғасы. Қысып сөйлегеніңізді түсінемін, бірақ мәдениетті сақтау керек, дейді мәжіліс төрағасы.