Бақытбек Есентаев 9 жылға сотталып кетті

Dalanews 03 нояб. 2016 08:52 1056

Белгілі продюссер Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаев сотта соңғы сөзін сөйледі. Осыдан кейін сот үкімін шығарды.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Алматы облыстық прокуратурасында, мемлекеттік айыптау Есентаевты ҚР Қылмыстық кодексінің «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» және «Зорлау» баптары бойынша екі жақтың мәмілеге келуіне байланысты кінәсіз деп тауып, ал «Кіс өлтіруге оқталу» бабы бойынша айыпты деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуін сұрады.

Талдықорғанда Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының күйеуіне қатысты алқа билерінің қатысуымен өтіп жатқан сот отырысында Баян Мақсатқызы сотта күйеуін балалары үшін кешірген. «Лашын» тобы мен такси жүргізушісінен Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша сотта жауап алынған. Бұл туралы сотталушының қорғаушы тараптың өкілдері мәлімдеді. Продюсердің адвокаты Марат Асқарбеков Баян Мақсатқызының Бақытбек Есентаевқа қатысты істі тоқтату туралы өтініш білдіргенін мәлімдеді

Еске салайық, 10 маусымда Баян Мақсатқызы Талғар ауруханасына бассүйек ми жарақаты, пышақ жарақаты және мұрынның сынуы диагнозымен түскен болатын. Алдын ада мәлімет бойынша, оны күйеуі Бақытбек Есентаев ұрып-соққан. Бұл оқиға Құлжа тас жолында болған. Талғар аудандық ІІБ Бақытбек Есентаев екі айға қамауға алды, ал жәбірленушіге үш сағат бойы ота жасалды. «Есентаев кінәсін мойындап отыр, оның кінәсі дәлелденді, ол өз әйеліне пышақ жарақатын салды. (…) Бүгін сот санкциясы болды, іс тергеліп жатыр, тергеу мүддесіне байланысты істің мән-жайын аша алмаймын. Сараптамалар тағайындалды, жәбірленушінің қанша рет пышақталғанын тергеу барысында анықтаймыз», — деді Талғар аудандық ІІБ басшысы Асқар Шахин.

Айта кетелік сот процесі жабық түрде өтіп жатыр, себебі іс материалдарында интимдік детальдар бар.

0b4dc4b5-7a0c-4e25-8d68-8722bc56fef3

Рекомендовать
Последние новости