Банкир Жомарт Ертаев амнистиямен түрмеден босап шықты

Көркем Алдабергенова 03 сент. 2025 11:15

Банкир Жомарт Ертаев амнистиямен түрмеден босап шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Жомарт Ертаевтың амнистияға ілініп, мерзімінен бұрын бостандыққа шыққанын хабарлады. Ол пробация қызметінде тіркеуге алынды.

"Сот үкіміне сәйкес, сотталған азамат қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан. Оған амнистия актісі қолданылып, осыған байланысты босатылды", – делінген ресми хабарламада.

Еске салсақ, 2020 жылы Ертаев RBK Bank-тен 144 млрд теңге жымқырғаны үшін 11 жылға сотталған еді. Кейін 2021 жылы апелляциялық инстанция бұл мерзімді 9 жылға қысқартқан. Бұдан бөлек, ол Qazaq Banki мен «Еуразиялық банктен» тиісінше 46 млрд және 24 млрд теңге жымқырғаны үшін де кінәлі деп танылған. Алайда бұл қылмыстар оның негізгі жазасына ықпал етпеген.


Рекомендовать
Последние новости