Банктерден жұрт бұрқыратып қарыз алып жатыр, проблемалық заемдар да артуда

Кәмшат Тілеухан 08 янв. 2025 14:57 1064

Қазақстанның банк секторында проблемалық заемдар көбейген, ал халық ақша сақтағанда теңгеден гөрі (сыйақы мөлшерлемесі тартымды болғанына қарамастан) шетел валютасына басымдық бере бастаған. Ал коммерциялық банктерге табыс әкеліп тұрған несие түрі - тұтынушылық несие болып тұр, деп жазады Dalanews.kz

Бұл мәліметтер Halyk Finance сараптама орталығының жариялаған зерттеуінде кеңінен қамтылған.

"2024 жылғы қарашада Қазақстанның банк секторында активтер мен кредиттік портфельдер қалыпты өсімді көрсетті. Алдыңғы кезеңнен басты айырмашылығы, несиелендіру көлемі өсімінің негізгі драйвері корпоративтік сектор болды, сонымен бірге осы кезеңде жаңадан берілген несиелер бойынша орташа пайыздық мөлшерлемелер көлемі төмендеді. Проблемалық несиелердің (NPL90+), сондай-ақ 30 күннен астам кешіктірілген несиелердің үлесі де төмендеді", делінген зерттеуде.

Депозиттердің өсу қарқыны баяулады. Бұл ретте өсім негізінен заңды тұлғалардың салымдары есебінен түзілді. Ұлттық валюта бағамы әлсіреген кезде салымшылар қаражатты шетел валютасында депозиттерге белсенді түрде орналастырды, ал теңгелік салымдар көлемі аздап қысқарды. Нәтижесінде долларландыру деңгейі күрт өсті.

Банктердің таза капиталы артты, бірақ капиталдың кірістілігі төмендеуін жалғастырды.

Банк секторы активтерінің қалыпты өсімі. 2024 жылғы қарашада ЕДБ активтері 1,3%-ға, яғни 59 207 млрд теңгеге дейін ұлғайды, ал қазан айында бұл өсім 0,6%-ды құраған. Сонымен бір мезгілде активтер құрамында банктердің бағалы қағаздар портфелі 3,8%, 12 609 млрд теңгеге дейін ұлғайса, ал өтімді активтер көлемі  2,8%, 20 653 млрд теңгеге дейін қысқарды. Бұл ретте банк секторының брутто-активтерінің құрылымындағы өтімді активтердің үлесі төмендеп, 34,9%-ды құрады (қазан айында 36,4%).

Несие портфелінің өсімі. 2024 жылғы қарашада банктердегі кредиттердің жиынтық портфелі 3,1% (қазан айында +1,3%; жыл басынан бастап +17,7%), яғни 35 072 млрд теңгеге дейін өсті. Кредиттер портфелінің кеңеюі жеке тұлғаларға  берілген несиелердің 2,6% (қазан айында +1,8%; жыл басынан бері +21,8%) ұлғаюы есебінен болды, ал заңды тұлғаларға берілген несиелер 3,9% (қазан айында +0,6%;  жыл басынан бері +12,4%) өсті. Кредиттік портфельдің қалыптасқан қарқыны ұлттық валютада берілген несиелер көлемінің 2,9%  (қазан айында +1,2% ұлғаюымен байланысты болды, ал шетел валютасындағы несиелер көлемі 5,2% (қазан айында +2,1%) ұлғайды. Банктердегі кредиттердің жиынтық портфеліндегі заңды тұлғалар портфелінің үлесі ұлғайып,  42,1%-ды құрады (қазан айында 41,8%; жыл басында 44,0%). Берілген несиелер бойынша орташа сыйақы мөлшерлемелері қазан айында 18,3%-дан қараша айында 17,0%-ға дейін төмендеді. Бұл ретте заңды тұлғалардың қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемелері 17,1% - ға (қазан айында 17,9%), ал жеке тұлғаларда 16,9%-ға (қазан айында 18,8%) дейін төмендеді.

Жұмыс істемейтін несиелердің үлесі қысқарды.  Жұмыс істемейтін несиелер үлесі (NPL90+) 2024 жылдың қараша айының соңында 3,2%-ға (қазан айында 3,3%), ал 30 күннен астам кешіктірілген несиелер үлесі 4,3%-ға дейін төмендеді (қазан айында 4,4%). Мерзімі 30 күннен асатын кредиттер портфелі 1,7%, 1 514 млрд теңгеге дейін ұлғайды, ал NPL90+ портфелі 2,6%, 1 126 млрд теңгеге дейін кеңейді. Жұмыс істемейтін несиелерді провизиялармен қамту деңгейі қазан айында 169,5%-дан қараша айында 169,6%-ға дейін өсті.

Банктердің бірінші эшелонындағы жұмыс істемейтін кредиттердің жоғары үлесін Jusan Bank (7,9%), Bereke Bank (6,7%), Еуразиялық банк (6,6%), Kaspi (4,8%) және ForteBank (2,9%) қамтиды. Аталған бес банктің жұмыс істемейтін кредиттерінің жиынтық сомасы 639 млрд теңгені құрап, аталған сектордың барлық жұмыс істемейтін кредиттерінің 56,8%-ын (қазан айында - 57,0%) құрайды. Ал екінші эшелонда 90 күннен астам мерзімі өткен кредиттердің жоғары үлесі Нұрбанкте (9,9%), ВТБ-да (9,6%), Home Credit Bank-те (6,8%) және Заман Банкінде (4,3%) тіркелген. Номиналды мәнде бұл банктердің NPL90+ көлемі 86 млрд теңгені құрап, аталған сектордың барлық жұмыс істемейтін кредиттерінің 7,6% (қазан айында - 7,7%) құрады. Тұтастай алғанда, сектор бойынша кредиттік тәуекел құны 5,8% деңгейінде сақталады.

Банктердің бірінші эшелонында бұл көрсеткіш Bereke Bank-те 14,1%-ға дейін (қазанда - 13,8%-дан), Еуразиялық банкте 12,2%-ға дейін (қазанда 12,0%-дан), БанкЦентрКредитте 5,0%-ға дейін (қазанда 4,5%-дан) және Фридом Финанс Қазақстанда 3,9%-ға дейін (қазанда 3,8%-дан) өсті. Бұл реттегі көрсеткіштер Ситибанк (0,1%) пен Отбасы банкінде (0,2%) өзгерген жоқ. Ал кредиттік тәуекел Jusan Bank-те 18,5%-ға (қазанда 19,2%-дан), Халық банкінде 5,3%-ға (қазанда 5,4%-ға), Kaspi-де 5,3%-ға (қазанда 5,4%-дан), RBK банкінде 4,9%-ға (қазанда 5,2%-дан) және ForteBank-те 4,8%-ға дейін төмендеді (қазан айында 5,0%-дан). Банктердің екінші эшелонында кредиттік тәуекел құнының жоғары мәндері Заман банкінде 40,0% (қазан айында 38,8%), Нұрбанкте 20,2% (қазан айында 22,9%), ВТБ-да 17,0% (қазан айында 17,8%)  деңгейінде байқалды. Көрсеткіштің ең төмен мәндері Қазақстандағы Қытай банкінде, ADCB ислам банкінде және Шинхан банкінде (1%-дан аз) тіркелді.

Депозиттік портфельдің кеңеюі. Қараша айында банктердегі депозиттердің жиынтық портфелі 1,8% (қазан айында +3,1% ; жыл басынан бері +11,2%), 38 550 млрд теңгеге дейін өсті. Депозиттер көлемінің өсуі негізінен заңды тұлғалардың салымдарының есебінен болды: 2,0%, 17 267 млрд теңгеге дейін (қазан айында +4,7%; жыл басынан бері +9,1%), ал жеке тұлғалардың салымдары 1,7%-ға, яғни 21 284 млрд теңгеге дейін ұлғайды (қазан айында +1,8%; жыл басынан бері +13,0%). 

Қараша айында валюталар бөлінісінде теңге түріндегі салымдар тарапынан депозиттік базаның 0,4%-ға, 29 665 млрд теңгеге дейін қысқаруы байқалды, ал валюталық салымдар тарапынан 10,0%-ға, 8 886 млрд теңгеге дейін өсуі байқалды. Қараша айында долларландыру деңгейі 23,0%-ға өсті (жылдың басында 23,2%). Қараша айында теңгедегі бөлшек депозиттер 0,2%-ға, 16 972 млрд теңгеге дейін өсті, ал валютадағы бөлшек салымдар 8,2%, 4 312 млрд теңгеге (8 435 млн доллар) дейін өсті. Теңгедегі корпоративтік салымдар 1,2%, 12 693 млрд теңгеге дейін қысқарды, ал валютадағы корпоративтік салымдар 11,8%, 4 574 млрд теңгеге (8 946 млн доллар) дейін өсті.

Бірінші эшелондағы банктер депозиттері портфелі қараша айында 1,4%-ға, 36 837 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Бірінші эшелонда депозиттердің шешілуі ForteBank (-1,7%; 49 млрд теңге), Kaspi (-1,2%; 80 млрд теңге) және Халық банкінде (-0,3%; 37 млрд теңге) байқалды. Сонымен қатар,  көпшілік RBK банкінде (+10,5%; 137 млрд теңге), Фридом Финанс Қазақстанда (+7,8%; 66 млрд теңге), Ситибанкте (+5,6%; 52 млрд теңге), БанкЦентрКредитте (+5,4%; 250 млрд теңге), Еуразиялық банкте (+4,1% ; 82 млрд теңге), Bereke Bank-те (+2,9%; 39 млрд теңге), Отбасы банкінде (+1,4%; 35 млрд теңге) және Jusan Bank-те (+0,4%; 6 млрд теңге) депозиттерін алды. 

Екінші эшелондағы банктердегі депозиттік портфель көлемі қараша айында 1,4%, 2 934 млрд теңгеге дейін қысқарды. Алматыдағы Қытайдың ТПБ-да (+30,8%; 56 млрд теңге), Қытайдың Қазақстандағы банкінде (+7,7%; 22 млрд теңге), ADCB ислам банкінде (+4,8%; 1 млрд теңге), Altyn Bank (+4,5%; 30 млрд теңге) және Home Credit BANK (+0,2% ; 1 млрд теңге) ақша салымдарымен толықты. Заман банкінен (-68,8%; 18 млрд теңге), Шинхан банкінен (-16,6%; 115 млрд теңге), ВТБ-дан (-7,9%, 7 млрд теңге), КЗИ банкінен (-6,3%; 9 млрд теңге) және Нұрбанктен (-0,2%; 1 млрд теңге), керісінше жаппай ақша алынды.  

Тартылған қаражатты пайдалану коэффициенті депозиттермен салыстырғанда банктердің кредиттер портфелінің жаппай өсуіне байланысты қазан айында 116,5%-дан қараша айында 113,6% - ға дейін төмендеді. Қарашада банктік емес заңды тұлғалардың теңгелей депозиттері бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі 13,2%-ға дейін (қазан айында 13,1%) артса, ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 13,2%-ға дейін (қазан айында 13,3%) төмендеді. Коммерциялық банктердің міндеттемелер құрылымындағы депозиттердің үлесі 78,7%-ды (қазан айында 78,6%) құрады. 

Ұлттық банктің өтімділікті алу көлемін төмендетуі. Қараша айында жабылған өтімділіктің жалпы көлемі 11,9% (қазан айында +9,5% ; жыл басынан бері +42,0%) қысқарды және 6 295 млрд теңгені құрады. ҰБ-ның депозиттік аукцион арқылы жасалған мәмілелер көлемі 4,9%-ға, 5 154 млрд теңгеге дейін азайды. Депозиттер арқылы өтімділікті алу 47,6%-ға , 641 млрд теңгеге дейін қысқарды, ал қысқа мерзімді ноталар арқылы өтімділікті алу өзгеріссіз қалды (500 млрд теңге). Осылайша, қараша айында артық өтімділікті алудың жалпы мөлшері 847 млрд теңгеге төмендеді, ал стерильденген өтімділік көлемі ЕДБ-нің жалпы ақша массасының 14,8%-ын (қазан айында 17,0%) және ЕДБ брутта-займдар көлемінің 18,0%-ын (қазан айында 21,2%) қамтыды.

Банк секторы табысының өсімі. 2024 жылдың басынан бастап барлық коммерциялық банктер табысы 2 337 млрд теңге деңгейінде тіркеді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,3%-ға артық. 2024 жылдың 11 айында банк секторының таза пайыздық кірісі 3 125 млрд (+25,1%) теңгені құрады, ал таза комиссиялық кірістер 677 млрд теңге  (+1,7%) болды. Есептілік кезеңде резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түскен кірістер жыл бойына 0,7% ға өсіп, 1 418 млрд теңгені құрады.

Банктердің меншікті капиталының ұлғаюы. 2024 жылғы қарашада банктердің жиынтық капиталы 2,8%-ға (жыл басынан бері +26,5%) ұлғайып, 8 682 млрд теңгені құрады. Бірінші эшелондағы банктерде Bereke Bank пен Ситибанктен басқасында капитал өсімі байқалды, ол 0,6%-дан 5,8% аралығына дейін болды, ал өсім көлемі 1 млрд-тан 102 млрд теңгеге дейін өзгереді. Заман банкінен басқа барлық екінші деңгейдегі банктерде капиталдың өсімі байқалды. Шинхан банк (+3,9%; 3,0 млрд тг), ВТБ (+3,6%; 3,7 млрд тг), Нұрбанк (+2,7%; 1,8 млрд тг), Altyn Bank (+2,1%;2,8 млрд тг), Алматыдағы Қытайдың ТПБ-сы (+1,8%; 1,5 млрд тенге) және Қазақстандағы Қытай банкі (+1,8%; 2,0 млрд тг).


Рекомендовать
Последние новости