"Балалар суға кетіп жатыр". Қостанай әкімі педагогтарды жазда кезекшілікке шығаруды ұсынды

Кәмшат Тілеухан 10 июн. 2025 10:56

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев мұғалімдерді жазғы  уақытта су жағалауларына кезекшілікке шығаруды ұсынды. Алайда әкімдікке қарасты білім басқармасы бұл ұсынысқа наразалық білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, Қостанайда педагогтар әкімнің жаңа бастамасына наразы. Қала басшысы су жағалауындағы кезекшілікке мұғалімдерді тартуды ұсынған. Марат Жүндібаевтың айтуынша, бұл шешім оқушы баланың суға кетіп, қайғылы оқиға орын алғаннан кейін пісіп-жетілген. Алайда мұғалімдер демалысын рейдке арнауға әсте дайын емес.

"Кейбіреулер:"Неге мұғалімдерді немесе әлдебіреуді мәжбүрлеу керек" деп мында ашуланып жазып жатыр. Сонда рейдтік іс-шараларды кім өткізеді, полиция да, төтенше жағдайлар да адам қолы жеткіліксіз болса? Бұл - біздің жалпыға ортақ жұмысымыз. Мұғалімдер 40 күн демалады, алайда біраз уақыттан кейін олар мектепті жөндеу және т.б. жұмыстарға тартылады. Осы атқарған жұмыстары үшін қосымша ақы алады, сол секілді мұны да ұйымдастыруға болады деп ойлаймын", - дейді Жүндібаев.

Алайда, қала басшысының бұл айтқаны педагогтар арасында түсінбеушілік тудырды. Өйткені демалыс кезінде балалардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-аналар жауапты. Сондай-ақ, білім басқармасындағылар да мұғалімдер патрульмен айналысуға міндетті емес екенін айтып отыр.

"Мемлекет басшысы педагогтерді бейінді емес жұмыстарға тартуға немесе мәжбүрлеуге жол берілмейтінін бірнеше рет атап өтті. Бұл мәселе бұзушылықтар орын алған жағдайда жедел әрекет ету тұрғысында біздің облыста да ерекше бақылауда,. Педагогтардың құқықтары сақталады, өздерінің функциясына жатпайтын істерге тартылмайды", - деді Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының баспасөз хатшысы Анна Лазарева.

Депутаттар педагогтарға сабақтан тыс жүктемені жүктеу тәжірибесі көптен бері ұмытылғанын атап өтті. Ал мұғалімнің мәртебесі туралы заң бойынша өзендер мен көлдерге рейдтер жүргізу деген мүмкін емес.

"Мұғалімдер сабақ беруі керек, олар әдістемелік жағын пісіруі тиіс, біліктілігін арттыруы қажет, ал жазғы демалыс жағалауға рейд жүргізу үшін берілмейді. Бұл - әкімнің тікелей жауапкершілігі, азаматтардың су айдындарында шомылу қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова.


Рекомендовать
Последние новости