Балабақша кезегіне тұру ісі толықтай автоматтандырылды

Жарбол Кентұлы 25 сент. 2024 14:58 2128

Елімізде соңғы жылдары мектепке дейінгі және орта білім беру саласында ауқымды реформалар жүзеге асқанын білеміз. Іргелі өзгерістердің мақсаты – білім беру сапасын арттыру, қолжетімділікті қамтамасыз ету және халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді көздегені анық.

Қазіргі таңда елімізде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тапшылығы жойылып, ендігі кезекте олардың жұмысын жоғары сапаға көтеру ісі күн тәртібіне шықты десек болады.

Қазіргі таңда Қазақстанда 11 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеп, 1 миллионға жуық бала қамтып отыр. Статаистикалық деректерге назар аударсақ, ел ішінде 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 89,5%-ды құрағанын байқаймыз. Алдағы уақытта жаңа балабақшалар ашу арқылы бұл көрсеткішті 95%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Осы ретте балабақшалардың санын арттыру барысында мектепке дейінгі ұйымдардағы орындарды бөлуде ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз ету ісі де қатар жүргені көпшілікке жақсы таныс. Қазір елемізде балабақшаға кезекке қоюдың бірыңғай деректер базасы жұмыс істейді.

Осылайша бұл ісі ел азаматтарының құшақ-құшақ құжаттар жинау ісінен құтақарып, тізімге қою ісі толықтай автоматтандырылғанын айрықша атап өтуге болады. 

Бұл шаралар бірінші кезекте ата-аналар үшін қолайлы жағдай туғызып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтқанын айрықша атап өтуіміз керек.

2024 жылдан бастап балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасы іске қосылған болатын. Бұл жоба пилоттық режимде 2023 жылдың қазан айында іске қосылған еді. Биыл қаңтардан бастап бүкіл республика бойынша қолданылуда. Ата-аналардың бәрі бұған дән риза.

Электрондық жүйелер арқылы ата-аналар кезектің жылжуын онлайн режимде бақылап, бос орындар туралы ақпаратты уақытылы ала алады. Бұл бағыттағы жұмыстар құжаттарды жинап-тапсыру үрдісін жеңілдетіліп, ата-аналарға ыңғайлы жағдай жасаған.

Сарапшы мамандар елімізде балабақшаға кезекке тұру және қабылдау процестерін автоматтандыру ісі мектепке дейінгі білім беру саласының тиімділігін арттырғанын да алға тартып отыр.


Рекомендовать
Последние новости