Бағанашылдағы оқиғадан кейін Сұлтанғазиевтің тағдыры күмән тудырып отыр - сарапшылар

Көркем Алдабергенова 21 июл. 2025 16:02

Бағанашылдағы оқиғадан кейін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тағдыры күмән тудырып отыр. Бұл туралы "Чемодан госсекретов" сарапшылары айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Біздің дереккөздеріміздің мәліметінше, Президент Әкімшілігінде Алматы облысында қызметтік тергеу жүргізу үшін жедел топ құрылған. Оның міндетіне жерді нақты кімге бермек болғанын анықтау, сондай-ақ облыстағы жер дауларына қатысты қосымша тексеру жүргізу кіреді. Марат Сұлтанғазиевтің әкім ретіндегі болашағы үлкен күмән тудырып отыр", - дейді сарапшылар. 

Ал мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйі төңірегіндегі жағдайға байланысты Алматы облысының әкіміне қатысты мәлімдеме жасады.

"Бағанашылдағы балалар үйі төңірегіндегі бассыздық пен қоғамға берілген уәдесін орындамағаны үшін мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің отставкасын сұраймын!", – деп жазды Бақытжан Базарбек Facebook-тегі парақшасында.

Депутат сондай-ақ әлеуметтік желіде видео жариялап, барлық іске неге Президент араласуы керектігін және бұл уақытта оқу-ағарту министрі қайда болғанын сұрады.

"Неге бұл мәселені ("Бағанашыл" балалар үйіне қатысты – ред.) оқу-ағарту министрі нақты әрі ашық түрде көтермеді? Бұл – балалар үйі. Бұл ұйым тек әкімдікке ғана емес, оқу-ағарту министрлігінің де құзырында. Қайда жүр Бейсембаев мырза (оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев – ред.)?" – деді Бақытжан Базарбек.

Депутат балалар үйіне қатысты жағдайдың ашық болмағанын және ғимаратқа байланысты қорытындының жарияланбағанын тағы да атап өтті.

"Неліктен Мәжіліс депутаты ретінде мен бұл қорытындымен таныса алмаймын? Неге бұл құжатты жасырып отыр?" – деп сұрады Базарбек.

Сонымен қатар, депутат "ҚазНИИСА" (құрылыс саласындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты) неліктен бұл жағдайға тартылмағанына таңғалды.

"Неліктен түсініксіз, беймәлім бір ЖШС бұл қорытындыны жасап жатыр?" – деп наразылық білдірді Базарбек.

Бұған дейін Базарбек балалар үйіне қатысты істе құжаттарды жасыру мен ақпараттық шабуылдар барын айтқан. Ол балалар үйі орналасқан жер телімі кімге тиесілі екенін сұраған. Сондай-ақ үшінші тараптан ғимараттың мемлекеттік және техникалық сараптамасының қорытындысы мен түрлі келісімдерді алғанын да жеткізген.


Рекомендовать
Последние новости