Баға қайда барасың?

Dalanews 03 янв. 2018 05:19 1130

Қазақстанда 2017 жылдың желтоқсан айында азық-түлік тауарлары 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 6,5 пайызға қымбаттады, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Аталған мерзім ішінде кондитерлік өнімдер 10,7%, алкогольдік ішімдіктер - 10,3%, сүт өнімдері – 9,3%, балық және теңіз өнімдері – 8,6%, жемістер мен көкөністер – 8,4%, тоқаш және ұн өнімдері – 7,4%, кофе, шай және какао - 6,2%, нан – 2,8%, макарон өнімдері – 2,1%, ұн – 1,8 пайызға қымбаттаған. Ал қанттың бағасы 19,5%, жарманың бағасы 15,1%-ға төмендеген.

Аталмыш кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 11,4% құрады. Сиыр етінің бағасы 15,3%, қой еті – 14,1%, жылқы еті – 9,8%, шошқа еті – 9,3%, шұжық өнімдері – 7,3%, құс еті – 5,8%-ға қымбаттаған.

 

Рекомендовать
Последние новости