Бабанов vs Жээнбеков

Dalanews 14 окт. 2017 04:39 984

Көршілес Қырғызстанда Президенттік сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары тоқатап, халық сайлауға  дайындалуда. Ел тағдыры алдағы алты жылда кімнің қолында болатыны ертең белгілі болады. Саяси тартыс негізгінен екі үміткер Өмірбек Бабанов пен Сооранбай Жээнбековтің арасында болмақ. Жээнбеков осыған дейін теледебатта президент болса тексеруді Бабановтың өзінен бастаймын деп шүйліккен еді. Ал, қарсыласы Өмірбектің өз айтары бар.

Төңкерістің түр-түрін бастан кешкен айырқалпақты ағайынға енді өзгелермен араздастыратын емес, татуластыратын басшы керек. Оны тұрғындардың əңгіме ауанынан байқадық. Кандидаттар да көшедегі жарнамаларында негізінен бірлікке бастайтын сөздер жазған.

Бұл сайлауда бағын сынамақтар біраз болғанмен, таңдау суырылып шыққан екі үміткердің біреуіне түсетінін қазір бəрі біледі. Бірі, бұрын үкіметті басқарған Сооранбай Жээнбеков. Социал демократиляқ партиясының өкілі. Оны Атамбаев баптап, бəйгеге қосқан, сондықтан билікке келсе соның сойылын соғады деп жазылып та, айтылып жүр.

Екіншісі де экс-премьер. Өмірбек Бабанов шартты түрде Қырғызстан оппозициясының өкілі саналады. Шартты дейтініміз, мұнда əлі күнге оппозиция біріктірілмеген.

Бабанов билікке келсе, алдымен саяси қылмыстық топтардың көзін құртып, қызмет сатуды тоқтатып, жемқорлықтың тамырына балта шабуды көздейтінін ашық айтып отыр. Ал, Қырғызстанның алдағы он жылда Қазақстандай дамығанын көргісі келетінін КТК арнасынан берген сұхбатында айтыпты.

– Біз Қазақстан сияқты үлкен амбициялы мақсаттарды қою керекпіз. Алты жылдың ішінде менің жалғыз мекенім Қырғызстан тез өніп үлкен мемлекеттердің қатарына кіруі керек. Қазақстанда Ресейде жүрген жерлестеріміз еліне қайту керек, – дейді  үміткер Өмірбек Бабанов.

Жээнбеков те қарап қалып жатқан жоқ. Түрлі саяси технологияларға баруда.  «Тыныштық күнінің» алдында ұтымды жұмыс істеп қалуға тырысқаны белгілі.

Сарапшылар бұл бұрынғы сайлаудан өзгерек дейді. Өйткені, екі қарсыластың да қазір жеңіске жетудегі мүмкіндіктері тең екен олардың ойынша. Бабановты негізінен жастар, кəсіпкерлер қолдауы мүмкін. Жээнбеков болса негізінен мемлекеттік қызметшілерге сенім артып отыр.

Дегенмен, сен тұр мен атайын деп тұрған кандидаттардың бір біріне деген жұлдызы қарсы. Оны бертінде өткен ашық теледебат көрсетті. Бірақ, бастысы билікке кім келсе де халық мүддесін қорғайтын басшы қажет дейді сарапшылар. Осы тақырып төңірегінде қырғызстандық саясаттанушы Игор Шестаковтың пікірін тыңдап көрейік.

– Бұл тарихи сайлау болайын деп тұр. Соңғы сəтке дейін кімнің айқын жеңіске жететінін айту қиын. Жээнбеков пен Бабановтың мүмкіндіктері бірдей деп айтуға болады. Осыған дейін жарияланған рейтинг, сауалнамалардың бəрі шындыққа жанаспайды. Бұрмалаушылық, жалған жала жапқан ақпараттар үгіт насихат кезінде тарағаны рас. Қос кандидаттың да жақтаушылары көп. Қырғызстан халқына қазір тыныштық қымбат. Сондықтан, билікке кім келсе де халықтың мүддесіиен санасуы тиіс, – дейді саясаттанушы.

Қырғызстанның енді сайлануы тиіс жаңа президентінің  Атамбаевпен салыстырғанда лауазымдық артықшылықтары шектеледі. Былтыр елде конститутуциялық реформа өтті. Енді премьер министрдің жəне парламенттің басқару коалициясяның өкілеттігі нығайды.

 

Дереккөзі: КТК арнасы

Рекомендовать
Последние новости