Аймақтың бюджетті нақтылау өзекте мәселе

Dalanews 14 июн. 2018 08:52 961

Таяуда Сенат отырысында сенатор Рысқали Әбдікеров 2017 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есептерге қатысты сөз сөйлеп, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлінетін қаражаттың тиімсіз пайдаланылып отырғанынақатысты сын пікір айтты.

Өңрлерді дамытуға республикалық бюджеттен жыл сайын айтарлықтай қаражат бөлінеді. Дегенмен, сол қаржыны тиімді пайдалануда үнемі кемшіліктерге жол беріліпотыр. Соның салдарынан жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздық деңгейін төмендету, халықтың жан басына шаққандағы кірісін ұлғайту сияқты индикаторлар бойынша жоғары межелерге қол жеткізілмей келеді.

Тағы бір өзекті мәселелердің бірі – жергілікті бюджеттердің республикалық бюджеттен берілетін трансферттерге тәуелділігі жылдан-жылға артып келе жатқандығы болып отыр. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2017 жылғы республикалық бюджеттен өңірлерге берілген субвенцияның көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге өсіп, 1 трлн. 448 млрд теңгені құрады.

Бұған қоса, 2017 жылы өңірлерге берілген субвенцияның 1 млрд. 600 млн. теңгесі, өкінішке орай, пайдаланылмай, республикалық бюджетке қайтарылды. Мұндай жағдай республикада бұрын болған емес. Сондықтан да болар, өңір әкімшіліктері жергілікті бюджеттердің салық салу базасын кеңейтуге аса мүдделі емес.

Ал, субвенция алмайтынқалаларына және Атырау, Маңғыстау облыстарына берілетін нысаналы трансферттің көлемі олардан алынатын қаржыдан бірнеше есе көп. Мәселен, соңғы екі жылда Астана қаласына бөлінген нысаналы трансферттер көлемі бюджетке алып қою деңгейінен 10 есе көп болса, Алматы қаласы бойынша – 23,7 пайыз, Маңғыстау облысы бойынша – 46,3 пайыздан асып түсті. Осыған орай, 2017 жылы пайдаланылмай қайтарылған нысаналы трансферттің көлемі 19 млрд. 200 млн. теңгені құрады.

Жоғарыда айтылған деректер бюджет аралық қатынастарды реттеу еліміз үшiн өте күрделi, көкейтестi мәселеге айналып отырғандығын және бюджет аралық қатынастардың әлі де болса шешімін таппай келе жатқандығын аңғартады.

Сондықтан, тиімді бюджеттік саясат жүргізуді ынталандыратын бюджет аралық қатынастардың оңтайлы моделін қалыптастыру қажет. Сондай-ақ, өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестірудің белсенді саясатын жүргізген жөн деп санаймын.

Сонымен қатар, бүгінгі күні республикада төртінші деңгейдегі бюджет қалыптастырылды. Олар – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және аудандық округ бюджеттері. Сондықтан да, өңірлерде бюджетті қалыптастыратын, орындалуын қамтамасыз ететін білікті мамандарды дайындауға айрықша көңіл бөлу қажет.

Өңірлерде бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың сапасына назар аударып, тиімділігін арттыру да маңызды мәселелердің бірі. Бүгінгі күні республикалық бюджетті нақтылау кезінде өңірдегі кейбір жобалар алынып тасталып, оның орнына жаңалары енгізілуде. Бұл инвестициялық жобаларды іскеасыру бойынша ұзақ мерзімді стратегияның болмауы және өңірлерде инвестициялық жобаларға мониторингтің дер кезінде жүргізілмеуі себебінен туындауда.

Мұның бәрі қаражаттың игерілмеуіне әкеп соғады. 2017 жылы мақсатты трансферттің ең көп игерілмеуі Павлодар облысында – 1 млрд. 100 млн. теңгені, Қарағанды облысында – 1 млрд. теңгені, Астана қаласында – 600 млн. теңгені құрады.

Жалпы, Есеп комитетінің аудиторлық және сараптамалық талдау іс-шараларының нәтижелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың нысаналы трансфертті бөлу және пайдалану кезінде 76,6 млрд. теңге қаржының өз мақсатына жұмсалмағаны анықталды, соның ішінде қаржылық бұзушылықтар 28,6 млрд. теңгені құрады.

Жоғары да көтерілген мәселелер өңірлік саясатта біртұтастықтың жоқтығын көрсетеді. Мұндай кемшілікті болдырмау үшінҰлттық экономика министрлігінің стратегиялық жоспарында өңірлік даму саласындағы нысаналы индикаторлар мен іс-шаралардың жүйелі жүргізіліп, мемлекеттік бағдарламалармен кешенді байланыста болуына назар аударған жөн деген ойдамын.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың нысаналы трансферттер мен субсидияларға тәуелділігін төмендетіп, оларды өздерінің бәсекеге қабілеттілік басымдықтарына сәйкес, өңірлердің экономикасын дамыту бойынша пәрменді шаралар қабылдауға ынталандыру қажет деп санаймын.

 

Әділбек ҚАБА

Рекомендовать
Последние новости