Аймағамбетов студенттер стипендиясы қалай көтерілетінін айтты

Dalanews 11 дек. 2019 11:38 792

Тапсырманы жүзеге асыруға қажетті ақша республикалық бюджеттен бөлінеді, тапсырманың бәрі уақытында орындалады.




Студенттердің стипендиясы бюджеттен бөлінетін қосымша қаражат есебінен көтеріледі, деді брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, деп хабарлайды Dalanews.kz.
- Республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінеді. Есеп-қисаптары бар, - деді Аймағамбетов.

Оның сөзінше, бакалавриат, магистратура, докторантурада оқитын студенттердің стипендиясы 25%-ға көтеріледі.
- Бұған ешқандай кедергі жоқ. Президенттің бұл тапсырмасы уақытымен орындалады. Тек ЖОО студенттері үшін ғана жылына шамамен 13 млрд теңге. Бұған колледждерде оқитын студенттерді қоссақ, бұл тағы шамамен 5-6 млрд теңге. Бұл өте үлкен сома, бірақ мен мұны маңызды шешім деп санаймын, - деп қосты министр.

Министр студентердің стипендиясы 2016 жылдан бері көтерілмегенін, бұл жаңалықты студенттер көптен күтіп келгенін айта кетті.
- Бұл жерде стипендияның бәріне бірдей 25%-ға көтерілетінін айту керек. Өйткені бізде оқу үлгеріміне, мүгедектігі немесе асыраушыдан айырылғанына байланысты жоғары стипендия алатын тұлғалар да бар. Түрлі санаттар бар, бұл жерде барлық санаттар үшін стипендия 25%-ға көтеріледі, - деп түсіндірді БҒМ басшысы.

 

 


Рекомендовать
Последние новости