Әйелін соққыға жықты деген күдікке ілінген дипломат ісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сағыныш Сардарова 10 мая 2024 15:12 4315

Астана полициясы күйеуі соққыға жыққанын айтқан Карина Мамаштың ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деді Астана полициясының баспасөз қызметі Tengrinews.kz-ке.

Айта кетейік, әйелін ұрған деген күдікке ілінген - дипломат Сәкен Мамаш. Ол Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің кеңесшісі болған.

Бұл мәселені әлеуметтік желіде "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі жариялаған еді. Ол Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі әйелін ұрып-соғатынын жазған болатын. Оның айтуынша, қазақстандық дипломат жұбайының әкпесіне де қол көтерген.


Рекомендовать
Последние новости