Аягөздегі діни ахуал көңіл қуантады

Dalanews 24 дек. 2015 23:30 1104

Аягөз ауданы әкімдігінің дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды барынша жүргізіп келеді. Ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылықтың сақталуы үшін діни бірлестіктермен  қарым-қатынасты нығайту мақсатында Аягөз ауданының әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес 2002 жылдан бастап жұмыс істейді. Кеңес отырысында ауданның өзекті діни мәселелері қарастырылады.


Аягөздегі дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихат топтары нақтылы жұмыстар жүргізуде. Топ  құрамында арнайы мамандар, қоғамның көшбасшылары, белсенді жастар, барлығы – 76 адам еніп отыр. Жыл басынан ақпараттық-насихат тобының мүшелері 10151 адам қамтыған 121 кездесу өткізген.


Тұрғындарға дәстүрлі исламды түсіндіру мақсатында ауданға республика, облыс көлемінде белгілі дінтанушылар Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен өңірінің бұрынғы өкіл имамы Нұрлан Асанов, Семей қаласы орталық мешітінің наиб-имамы Бауыржан Балтабеков, республикалық ақпараттық-насихат топ мүшесі, теолог Арман Қуанышбаев пен Нұрбол Тағаев және Семей қаласы орталық мешітінің наиб-имамы Бекзат Баешов  шақырылды.Дин


Медиа-жоспарға сәйкес діни-экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 37 мақала жарияланды. Аудан бойынша экстремизмге қарсы сипаттағы 29 баннер орналастырдық. Сонымен қатар, 3200 дана таратпа материалдар шығарылып, ақпараттық-насихат тобының жұмысында таратылды.


Жастардың әлеуметтік желілерге қызығушылығын ескере отырып  Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде діни экстремизм көріністердің алдын алу үшін 104 материал орналастырылды. Сонымен қатар қаланың орталық алаңында орналасқан LED экран арқылы күніне 8 діни бейнероликтер көрсетіліп, 30 ақпаратттық  материалдар орналастырылған.


Ауданның 22 мешітінде муфтияттың бұйрығымен 18 имам қызмет атқаруда. Қалған 4 мешітте діни сауаттылығы бар ауылдың үлкендеріне бекітілген.


Ағымдағы жылы ауданымыздың бас имамы Мысыр астанасы Каир қаласында орналасқан Әль-Асһар университетінде біліктілігін арттыру курсынан өтті. Сондай-ақ, ауылдық округтердің 15 имамы білімдерін жетілдіріп, 3 имам (Мамырсу, Қосағаш, Емелтау) Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдар білімін жетілдіру институтын бітіргенін айтуға тиіспіз. 12 имам Семей және Аягөз қалалық мешіттерінде білімдерін жетілдірді. 2015 жыл «Астана» медресесін тәмамдаған мамандардың үлесімен ауылдық округтердегі бос орындар толықты.


Кадр мәселесін шешу мақсатында «Нұр-Мүбәрак» Мысыр ислам мәдениеті университетінің студенттерімен кездесу жұмыстары жүргізілді. Болашақта дін саласында қызмет атқару үшін биылғы жылы ауданымыздан 7 жас оқуға түсті. Олардың екеуі «Нұр-Мүбәрак» Мысыр ислам мәдениеті университетіне және бесеуі медреселерге қабылданды.


Дин01


Аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында аудан мешіттеріне 2 теледидар және бейнебақылау құрылғысы, сонымен қатар,  онлайн режимінде ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізуге 2 проектор берілді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалымен бірлесе отырып діни ахуалды жақсарту мақсатында жаңа жұмыс әдістері қолданылуда. Орталық мешіт жанынан наиб-имамның бастауымен белсенді жастардан арнайы топ құрылған. Бұл топтың аудан әкімдігінің жастар орталығымен бірлескен жұмыс жоспары дайындалды. Мешіт және орталық жастарымен көптеген іс-шаралар өткізуде. Қысқы уақытта жастар жалғызбасты қарттарға қар тазалауға, үй жұмыстарына көмектессе,  көктемде қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына белсене араласты.


Мемлекеттік мейрамдар да назардан тыс қалған емес. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, соғыс және тыл ардагерлеріне іс-шаралар және қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, құрмет көрсетілді. Ораза айт мейрамы қарсаңында 1000-1500 адам қамтыған «Тегін такси», «Тегін автобус» акциялары өткізіліп, 70-ке жуық жағдайы төмен отбасыларына материалдық көмек көрсетілді.


Жастар тобы жастардың арасындағы дінге сенушілерді және жаңадан келгендерді жат ағымдардың көзқарастарын жақтаушылардың қармағына іліндірмеуді және жастардың даурықпа сөзбен емес, іспен айналысатынын


көрсетіп, дәстүрлі емес діни көзқарасты әшкерелеуге үндейді.


Қазақ хандығының 550 жылдығы, «Дін мен дәстүр» жылы, Құрбан мейрамы аясында ипподромда «Аламан бәйге» және ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтті. Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Мәңгілік Ел – иманды ел» шығармалар сайысында Аягөз жастары жүлделі 1-2 орындарға ие болды.


Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату мәселесі реттелген. Арнайы тұрақты үш үй-жайларды орналастыру келісілген.


Жалпы Аягөз ауданы әкімдігінің дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы жұмысы оң бағалауға болады. Әкімдіктің дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын одан әрі белсенді жалғастырып, іс-тәжірибесін облыстың қалалары мен аудандарында пайдаланған жөн.


Аягөз аудандық Ішкі саясат бөлімі


Рекомендовать
Последние новости