Ахметов балалар үйінде тәрбиеленген жастарға пәтер кілтін берді (фото)

Dalanews 28 нояб. 2019 09:14 780

 Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласында үй кезегінде тұрған жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 20 балаға пәтер кілттерін табыс етті.

Айта кету керек, жастарға баспана облыс орталығындағы жаңа 19-ықшам ауданында бой көтерген бес қабатты тұрғын үйден берілді.



Тұңғыш Президент күні қарсаңында қоныс тойын тойлаған қала тұрғындарының қуанышына ортақтастан аймақ басшысы әр шаңыраққа ырыс пен ынтымақ, молшылық пен береке тіледі.

– Жақын уақытта 600 пәтерлі 4 тұрғын үй құрылысы аяқталады. Оның екеуі, яғни, 110 пәтер көпбалалы отбасыларына, жетім балалар мен өзге де санаттағы әлеуметтік аз қамтылған топ өкілдеріне беріледі. Жалпы өңірде тұрғындардың барлық санатын сапалы әрі қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 443 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылады. 19 үй қолданысқа берілді, – деп атап өтті Даниал Ахметов.



Уақытша Ана үйін паналап жүрген Сандуғаш Қасенованың ата-анасы ерте өмірден озған.

Дүкенде сатушы болып жұмыс істейтін жас ана қуаныштан көзіне жас алып, қамқорлығын аямаған еліне алғысын жеткізді. Сонымен қатар баспаналы болған әр пәтер иесіне тұрмыстық техника сатып алуға арнайы сертификаттар табыс етілді.

– Бізге баспана беріп, қамқорлық танытып жатқан мемлекетімізге, халқыма, облыс басшылығыга үлкен алғыс білдіремін. Отбасымыздың тағдырына түскен қиын кезеңде қолдау көрсетіп, қамқор болды. Көп рахмет! – дейді Сандуғаш Қасенова.



Жалпы, Шығыс Қазақстанда көпбалалы аз қамтылған отбасыларды қолдау шараларының кешенді бағдарламасы іске асырылуда.

Ағымдағы жылы көп балалы отбасылар санатынан кезекте тұрған 388 отбасы жеке тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

 

Рекомендовать
Последние новости