Автозак алғанша, өрт сөндіретін машина алу керек!

Dalanews 13 июн. 2023 02:46 1593

Бүгінде қай өңірге барсаңызда өрт сөндіруге қажетті көліктер мен техникалардың жетіспейтінін байқаймыз. Абай облысындағы өрттің ұлғайып кетуіне де осы арнайы техниканың жетіспеушілігі қолбайлау болғаны жасырын емес.

Осыған дейін төтенше жағдай саласын басқарға Юрий Ильиннің өрт сөндірушілердің қандай техника жетіспейтінін айтып, Парламент қабырғасында дабыл қаққанын көрген де, естіген де емеспіз.

Ауыл-аймақта қаңтарылып тұрған өрт сөндіру машиналардың көпшілігі Кеңес заманында пайдалануға берілген ескі «Зилдер» мен «Камаздар» екені жасырудың жөні жоқ. Олар ыңыранып, оқиға орнына жеткенше талай жерді қызыл жалын жалмап үлгереді.

Содан кейін ебедейсіз Ресейдің өрт сөндіруші көліктерін алуды тоқтату керек. Олардың орнына өрт болып жатқан жерге құстай ұшып жететін Батыстың техникасын алған ләзім. Ең болмағанда Қытайдың техникаларымен алмастырсақ болады. Бұл ретте төтенше жағдай қызметі күштік құрылымдардан ақыл-кеңес алуына болады.

Назарбаев режимінің аяқталар кезеңінде жергілікті билік орындары шеруге шыққан халыққа қарсы пайдаланатын автозактарды көбірек сатып алғаны белгілі.


Егер жергілікті билік орындары автозак емес, заман талабына сай өрт сөндіру көліктерін сатып алғанда, Абай облысындағы орман өрті бұлайша мыңдаған гектар жерді шарпымас еді.

2022 жылы Қазақстанның Ұлттық гвардиясы құны 32 млн тұратын автозак пен бағасы 58 млн теңге тұратын бірнеше автобус сатып алу үшін 500 млн теңге шығындапты. Бұдан басқа күштік құрылым жасақты қорғайтын темір қалқан мен арнай үйретілген иттерді сатып алуды да назардан тыс қалдырмаған.

Айтпақшы, Алматы қаласы Полиция депратменті 2020 жылы шағын автозактарды 20 млн теңгеден сатып алған. Ал Ұлттық гвардияның әр автозак үшін 32 млн теңге шығындапты.

Сол кезде сатып алынған автозакты бір данасы Абай облысының Семей қаласына жөнелтіліпті. Шіркін, сол кезде бір автозакты орнына бір өрт сөндіру машинасы жіберілгенде қандай жақсы болар еді. сындайда еркісіз бас бармағыңды шайнайсың ғой.

Күштік құрылымдарға қажетті ГАЗ С41R13 деп аталатын автозактарды Семейдегі «СемАЗ» компаниясы құрастырып беруі тиіс болған.

Несін айтасыз, Назарбаев режимі өз билігін сақтап қалу үшін арнайы жасақтан ақша аямады. Айталық, бір ғана Алматы қаласындағы арнайы жасақты қорғану үшін 1728 темір қалқан сатып алып, ол үшін 140 млн теңге шығындаған.

Мұндай автозактар мен қорғаныс құралдарын жергілікті жердегі полиция департаменттері де сатып алғаны жасырын емес.

Мәселен, 2020 жылы Алматы қаласы Полиция департаменті әртүрлі 23 арнайы техниканы сатып алып, оған 230,8 млн теңге жұмсаған. Алматылық құқық қорғау органдары жұмыстары тиімділігін арттыру үшін Еуропада құрастырылатын Iveco Daily фургондарын сатып алғанын айта кетуіміз керек.

Ал 2022 жылы Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері де алматылық әріптестерінен қалыспай 17 автозак сатып алған. Айтпақшы, Солтсүтік Қазақстан облысының полицейлері жайлы Hyundai-дың базасында жасалған автозактарды сотталған қылмыскерлдерді ары-бері тасымалдау үшін мемлекеттің 490 млн теңгесін жұмсапты. Осылайша қылмыскерлерді бір орыннан екінші орынға «камфорт» жағдай жеткізуге баса мән беріліпті.


Иә, бұл аралықта төтенше жағдай қызметі ешқандай техника сатып алмады деп ауызды қу шөппен сүртсек орынсыз болары анық. Бірақ олардың сатып алған жеткіліксіз екені жасырын емес. Өрт сөндіруге келген азаматтардың техникасымен киген униформаларын көргенде жылап жібергің келеді.

Ал шеруді басатын арнайы жасақты формалары көргенде көзің жайнап кетеді. Мұндай жабдық пен форманы Батыс елдерінің кейбірінде жоқ болуы мүмкін. Елімізде дұрыс саясат жүрсе, бізге арнайы жасақты түкке де қажеті жоқ. Мемлекетіміздің қауіпсіздігін әскер мен төтенше жағдай қызметі қамтамасыз ететінін ешқашан естен шығармайық.

Рекомендовать
Последние новости