Автомафия ақпараттық шантажға көшті

Dalanews 20 янв. 2024 04:16 991

Армения, Беларусь пен Қырғызстаннан контрабандалық жолмен көлік тасып, қыруар пайда тауып жүрген ұйымдасқан топ Президент Тоқаев жариялаған автокөліктерді заңдастырудың бір реттік шарасын одан әрі ұзарту жолында түрлі әрекеттер ұйымдастыра бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz DALA INSIDE телеграм арнасына сілтеп.


Арна мәліметінше, бұл көлеңкелі нарық айналымы миллиард теңгеден асып жығылады және осыдан дивиденд көретін алыпсатарлардың,  контрабандашылардың, сақтандырушылардың ұйымдасқан тобы пайда болған. Күрделі тізбектер арқылы шетелге ақша шығарудың схемалары жұмыс істеген.


“Шара барысында заңды және қылмыстық ізі жоқ көліктер әлдеқашан заңдастырылды. Енді тек тексеруден өте алмаған күмәнді және ұрланған көлік иелері қалып отыр. Олар медиа топтар мен түрлі блогерлерді жалдап, ақпараттық шантажға көше бастады”, - дейді DALA INSIDE.


Ұрланған көліктерді де кіргізейік деген идея халықтан қолдау табу үшін "Еуразиялық одақ, ОДКБ-дан шығайық" деген популистік ұрандармен тұздықталуда. Оның артында Соростан грант алатын үкіметтік емес ұйымдардың құлағы қылтияды.


Рекомендовать
Последние новости