"Ауыл" партиясының белсенділері Павлодар облысына ат басын бұрды

Dalanews 13 мар. 2023 12:11 829

«Ауыл» партиясының делегациясы Павлодар облысы Набережная ауылында орналасқан «Андас Agro» ЖШС жұмысшы ұжымымен кездесті. Серіктестік көкөніс өсіру, сақтау және сатумен айналысады.

«Ауыл» партиясының негізгі мақсаттарының бірі – еңбек адамының қадірін арттырып, мәртебесін көтеру. Сондай-ақ, оларға ауыл шаруашылығы өндірушілері ретінде артықшылықтар бере отырып, «ел асыраушысын» қастерлеуді қалыптастыру. Себебі елді адал маңдай терімен нәпақасын тауып жүрген, қолында күрегі мен кетпені, алдында малы бар адамдар ғана асырайды. Аграрлық сектордағы өнімнің жемісі – тікелей қарапайым еңбек адамдарының, яғни сіздердің еңбектеріңіздің арқасы.

«Алтын, күміс – тас, арпа, бидай – ас». Адам таспен емес, аспен қоректенеді. Міне, соларға қамқорлық жасауымыз керек.

[perfectpullquote align="full" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""]Сондықтан да, «Ауыл» партиясы бүгінде еңбек адамының мәртебесін көтеру, қоғамда жұмысшы мамандықтарына деген оң көзқарасты қалыптастыру, еңбеккерлер абыройын асқақтату, беделі мен танымалдылығын арттыру жөніндегі барлық іске бастамашы, ұйытқы болып қана қоймай, соның заңнама тұрғысында нақты мәртебеге ие болуы үшін күш салып жүр», – деді жиналыста сөз сөйлеген кандидат Николай Арсютин.

«Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасымен танысып, үгіт-насихатын тыңдаған қос кәсіпорын жұмысшылары партияның ұстанған бағыттарына ризашылықтарын білдірді. Жиын барысында олар кандидаттарға сұрақ қойып, ұсыныстарын аманаттады.

Рекомендовать
Последние новости