"Ауыл" мен "Адал" партиясы депуттатық орындарға ие болды

Dalanews 12 янв. 2021 11:14 818

Қызылорда облысы бойынша депутаттар мандатының саны - 152. Саяси науқанға қатысқан барлық 5 партияның өкілдері облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарда депутаттық орындарға ие болды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

 

Атап айтсақ, Қазақстан халық партиясы - 4, Nur Otan партиясы - 126, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы - 5, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 15, "Адал" саяси партиясы 2 квотаға ие болды.


Айта кетсек, Қызыорда облысында саяси науқанға қатысқан сайлаушылар саны 73,90 пайызды құрады.

...

Бұдан бөлек Орталық сайлау комиссиясында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мәслихаттары сайлауының қорытындысы жарияланды.

Мәслихаттар сайлауына бес партия жіберілді.

ОСК төрағасы Берік Имашев бірінші рет мәслихат депутаттары пропорционалды жүйе бойынша сайланғанын айтты.

Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты - 31 мандат. Жалпы қалалық мәслихат депутаттығына партиялық тізім бойынша 88 үміткер тіркелді. Қазақстан Республикасының "Сайлау туралы" конституциялық заңына сәйкес, сайлау нәтижелері бойынша саяси партияларға депутаттық мандаттар сәйкесінше бөлінеді.

Осыған байланысты: Қазақстан Халық партиясы - 2 мандат, Nur Otan партиясы - 26 мандат, "Ақ жол" партиясы - 3 мандатқа ие болды, - деді Нұр-Сұлтан аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова.

Алматыға 39 мандат бөлінді. Бұл мандаттар келесідей бөлінді:

Nur Otan - 29 орын;
"Ақ жол" - 3 орын;
Қазақстанның халықтық партиясы - 3 орын;
"Ауыл" - 3 орын.

Шымкен қаласы мәслихатында 30 мандат бар. Олар келесідей таратылды:

Nur Otan - 24 орын;
"Ауыл" - 3 орын;
"Ақ жол" - 3 мандат.

10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы өтті

Рекомендовать
Последние новости