Атом энергиясы жөніндегі агенттік басшысы Сәтқалиевтің тағы бір орынбасары болады

Кәмшат Тілеухан 23 мая 2025 12:23

Мемлекет басшысының өкімімен Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының осымен төртінші орынбасары тағайындалды. Бұл лауазымға бұған дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болған Василий Лавренов келді, деп хабарлайды Dalanews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атом энергиясы жөніндегі агенттік 2025 жылы наурыз айында жаңадан құрылып, оның басшылығына сол кездегі Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев тағайындалған еді. 

Лавренов Василий Сергеевич 1979 жылы 17 қарашада дүниеге келген.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірді. 2004 жылы Дюк университетінің Құқық мектебінде және Жапонияның Кюсю университетінде Халықаралық құқық мамандығы бойынша білім алды.

Еңбек жолын 1999 жылы "Титул" заң агенттігінде заңгер көмекшісі болып бастады, "GRATA" заң фирмасында заңгер болып жұмыс істеді. 2001-2002 жылдары "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ заң департаментінде заң кеңесшісі болып қызмет етті.

2005-2007 жылдары "Bateman Kazakhstan Oil and Gas Company B.V." Қазақстандағы филиалының заң бөлімінің бастығы, құқықтық мәселелер бойынша бас кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2007-2008 жылдары "Интегра Менеджмент" ЖАҚ (Қазақстан Республикасындағы Өкілдік) мұнай кәсіпшілігіне қызмет көрсету компаниясының заң қызметінің директоры, 2008-2017 жылдары "Eastcomtrans" компаниялар тобының заң департаментінің директоры, бас заң кеңесшісі, 2019-2022 жылдары Greenline Services Ltd компаниясының Будапешт қаласындағы аға серіктесі, кеңесшісі лауазымын атқарған.

2022 жылдың мамырынан бастап "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болды.

 


Рекомендовать
Последние новости