Атырауда такси жүргізушілерін бопсалаған "сақалды" рэкетирлер қолға түсті

Dalanews 13 июл. 2021 07:51 946

Тоқсаныншы жылдары тепсе темір үзетін жігіттер саудагерлерді бопсалап, оңай олжаға кенелуші еді.  Сол бір тоқсаныншы жылдардағы сұрқайы кезеңдер артта қалды ма десек, оңай олжаға кенелуді жөн санайтындар арамызда әлі де жүр екен. Күні кеше ғана ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Атырау өңірі бойынша басқармасы облыстық прокуратурамен және де полиция департаментімен бірлесіп ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тоқсаныншы жылдар ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшелері спортшылар еді. Сол бір «үрдіс» әлі өзгермепті. Құқық қорғау органдары құрықтаған бопсалаушы топтың құрманда бұрынғы спортшылармен бірге теріс діни ағымның соңында жүргендер бар екен.

Қылмыстық топтың белсенділері белгілі бір уақыт аралығында қалааралық такси жүргізушілерін («Атырау-Орал-Атырау») үркітіп-қорқытып, оларға әлімжеттік көрсетіп, ақшалай қаражат бопсалауды кәсіпке айналдырғанын қауіпсіздік саласының қызметкерлері анықтады.

Осылайша өтен діни ағымның соңғында жүргендер тоқсаныншы жылдардағы «кәсіпті» қайта жаңғартыпты.

Қазіргі таңда теріс ағымның соңында жүргендер қоғамдық өмірімізге ілесіп, ел қатарлы тіршілік етуден қашады. Көпшіліктің көңіліне іріткі салуды көздейтін мұндайлар қоғам да қабылдай алмайтыны белгілі.

Өкінішке орай, олар мұны әлі түсінбеуде. Олар тоқсаныншы жылдардағы бандиттік әркетке барып, қарапайым халыққа тізе батырып, құрыққа ілігіп отыр. Енді олар өздерінің қоғамнан қаншалықты жырақтап қалғанын темір тордың ар жағында отырып түсініп, байыптауы мүмкін.

– Ұйымдасқан қылмыстық топтың 4 белсендісі қылмыс үстінде ұсталды. Күдіктілердің тұрғылықты жерінен 4 бірлік әртүрлі от қару мен оларға арналған оқ-дәрі, сонымен қатар олардың қылмыстық әрекетін дәлелдейтін құжаттық материалдар (соның ішінде чектер, тіркеу журналдары және банк кәртішкелері) табылып, тәркіленді, – деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Аталған іс бойынша ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі (бопсалау ісі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Топ серкесі әзіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды, өзгелері ешқайда шықпау туралы анықтама толтырып, міндеттеме алды. Тергеу шаралары жалғасуда делінген баспасөз хабарламада.

https://dalanews.kz/sadak/64826-bizding-zherimizdi-qoltygyna-qysa-kett

Рекомендовать
Последние новости