Атырауда базарлары мен сауда орындары жұмысын тоқтатпайды

Dalanews 24 дек. 2020 16:23 909

Атырау базарлары мен сауда орындары Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сай жұмыстарын жасай береді, – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Кей әлеуметтік желіде «Атырауда базарлар 5 қаңтарға дейін жұмыс істемейді» деген жалған ақпарат тарады.

Осыған қатысты облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Атырау базарлары мен сауда орындары әдеттегідей қалыппен жұмыстарын жалғастыратынын айтты.

Олар дүйсенбі және жұма күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Санитария шараларының  күшейтілуіне байланысты тек жексенбі күні жұмыс істемейді.



Рекомендовать
Последние новости