Асхат Хасенов CNPC Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянмен келіссөз жүргізді

Cағыныш Сардарова 02 июл. 2024 08:00 2078

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов CNPC Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянмен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Dalanews.kz kmgpress-ке сілтеп.

Тараптар Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы бірлескен өндіру активтерінің қызметін, геологиялық барлау саласында ынтымақтастық перспективаларын және газды өндірісте одан әрі қолдану мүмкіндіктерін талқылады.

Қазақстанда газ жобаларын іске қосудың маңызын назарға ала отырып, тараптар Орталық Өріктау кен орнында өндірілген көмірсутек шикізатын Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінде өңдеу мүмкіндіктерін зерттеп жатыр.

Сонымен қатар, келіссөз қатысушылары жыл сайын мұнай және газ кен орындарын барлау және игеру технологияларын алмасу бойынша өтетін Қазақстан-Қытай техникалық семинарларының қызметі туралы оң пікір білдірді. Биылғы семинар Қызылорда қаласында өтетін болады.


Рекомендовать
Последние новости